User manual
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Электр сымдарын құрылғының есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе электр тоғының қатеріне ұшырау немесе жарылыс
шығу қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін үнемі жабық ұстаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
6 Қауіпсіздік нұсқаулары