User manual
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Осы құрылғыны орнату және сымды ауыстыру
жұмысын тек білікті маман ғана орындауға тиіс.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі
қолғап киіңіз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Пиролитпен тазалау алдында көп ластықты
тазалау керек. Тұмшапештің ішіндегі керек-
жарақтардың барлығын алыңыз.
• Осы құрылғыға ғана арналған ішкі температура
сенсорын пайдаланыңыз.
• Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін
артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап
салыңыз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
4
www.aeg.com