User manual

Қыздыру индикаторы
Егер тұмшапеш функциясын орнатсаңыз, бейнебеттегі жолақтар бірінен кейін бірі
жанады. Жолақтар құрылғының ішкі температурасының көбейгенін немесе азайғанын
көрсетеді.
Құрылғы орнатылған температураға жеткенде, бейнебеттен Қыздыру индикаторы
өшеді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу үшін келесіні қолдануыңызға болады:
Қол режимі - тұмшапештің функциясын, температурасын және пісіру уақытын
қолдан орнатуға арналған.
автоматты бағдарламалар - тамақ пісіруді білмейтін не тәжірибесі жоқ адамдардың
қолдануына арналған.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
1 Толық бу Көкөніс, балық, картоп, күріш, макарон немесе арнайы
тағам қосымшаларын пісіруге арналған.
2 Жартылай бу +
Қызу
Ылғалдылығы жоғары тағамдарды пісіруге және балық,
қайнатпа крем, құс етін дайындауға арналған.
3 Шала бу + Қызу Нан пісіруге, құс етінің үлкен кесектерін қуыруға немесе
тоңазытылған және мұздатылған тағамдарды жылытуға
арналған.
4 ЭКО буы ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты барынша
тиімді жұмсауға көмектеседі. Бұл үшін әуелі пісіру
уақытын орнату керек. Ұсынылатын параметрлер туралы
қосымша ақпаратты, пісіру кестелеріндегі тиісті
тұмшапеш функцияларынан қараңыз.
5 Ылғалды
желдеткіш
Қуатты үнемдеп пісіруге және құрғақ кондитер өнімдерін
пісіруге, сондай-ақ қалбырдағы тағамдарды пештің бір
сөресінде пісіруге арналған.
6 Ыстық
желдеткішпен
пісіру
Сөрелерді ең көбі тұмшапештің үш деңгейіне қойып, бір
уақытта пісіруге арналған. Тұмшапеш температураларын
(20-40 °C) дәстүрлі пісіру функциясымен салыстырғанда
азайтыңыз. Және тағамды кептіруге арналған.
7 Пицца параметрі Тағамды тұмшапештің бір деңгейіне қойып қатты
қызартып, түбін қытырлақ етіп пісіруге арналған.
Тұмшапеш температураларын (20-40 °C) дәстүрлі пісіру
функциясымен салыстырғанда азайтыңыз.
14 Әркүндік қолдану