User manual

Нәтижені тексеру (таңдаулы үлгілерде ғана)
Егер АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ функцияларын орнатсаңыз, пісіру аяқталғаннан 2
минут бұрын дыбыстық сигнал естіледі де, шам жанады. Құрылғы АЯҚТАУ немесе
ҰЗАҚТЫҚ параметріне ауысады. Осы екі минут ішінде пісіру нәтижесін тексеруіңізге,
егер қажет болса АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ уақытын ұзартуыңызға болады.
ОРНАТУ+АЛҒА функциясын орнату
Құрылғыны кейін кез келген уақытта, сенсорлық өрісті бір рет басып ғана, тиісті
параметрлерді орнатып іске қосуға арналған.
1. Тұмшапештің функциясын (немесе бағдарламаны) және температурасын
("Тұмшапеш функциясын орнату" және "Тұмшапеш температурасын өзгерту"
тарауларын қараңыз).
2. ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнатыңыз ("ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнату" тарауын
қараңыз).
3.
түймешігін бейнебетте жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
4. ОРНАТУ+АЛҒА функциясын орнату үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте
және нүкте арқылы көрсетіледі. Нүкте қай сағат функциясының
іске қосылғанын көрсетеді.
5. ОРНАТУ+АЛҒА функциясын бастау үшін кез келген сенсор өрісін (ҚОСУ/ӨШІРУ-
ден басқа) басыңыз.
ОРНАТУ+АЛҒА функциясын, тек ҰЗАҚТЫҚ функциясы орнатылса ғана қолдана
аласыз.
МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнату
Кері санақты (ең көбі 23 сағат 59 минут) орнату үшін МИНУТ ОПЕРАТОРЫН
қолданыңыз. Бұл функция тұмшапештің қызметіне әсер етпейді. МИНУТ
ОПЕРАТОРЫН кез келген уақытта, құрылғы сөніп тұрса да орнатуыңызға болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте
және "00" жыпылықтайды.
2. МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнату үшін
немесе қолданыңыз. Алдымен
секунд мәндерін, содан кейін минут
пен сағатты орнатыңыз.
3.
басыңыз немесе МИНУТ
ОПЕРАТОРЫ бес секундтан кейін
автоматты түрде іске қосылады.
4. Орнатылған уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал екі минут естіледі де, бейнебетте "00:00" және
жыпылықтайды.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген сенсор өрісін басыңыз немесе
тұмшапештің есігін ашыңыз.
Сағат функциялары 19