User manual

Құрылғының металл беттерін тазалау үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен)
бәрін пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптама бүлініп қалуы мүмкін.
Бумен тазалау
1. Қатты ластанған жерлерді қолмен тазалаңыз.
2. Шамамен 250 мл суды және 3 ас қасық сірке суын тікелей бу генераторына
құйыңыз.
3. Бумен тазалау функциясын орнатыңыз. "Тұмшапеш функциялары" тарауын
қараңыз.
Бейнебетте ұзақтық (15 минут) және әдепкі температура көрінеді. Тазалауды
бастау үшін OK түймешігін түртіңіз.
4. Бумен тазалау аяқталған кезде дыбыстық сигнал естіледі. Сигналды тоқтату үшін
сенсорлық өрісті түртіңіз.
5. Құрылғыны жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Бу генераторындағы суды жөкемен
сорғытыңыз да, құрғатып сүртіңіз.
Есікті шамамен 1 сағат ашық қалдырып, құрылғыны әбден құрғатыңыз.
Тазалау циклін кешіктіріп бастау үшін Аяқтау функциясын қолдануға болады.
"АЯҚТАУДЫ орнату" тарауын қараңыз.
Сөре сырғытпасы
Қабырғаларды тазалау үшін сөре сырғытпасын алып қоюға болады.
Сөре сырғытпасын алу
1. Сырғытпаны алдыңғы жақтағы
тежегіштен еппен жоғары тартыңыз.
28 Күту менен тазалау