User manual

Есікті алу
1. Есікті барынша кең ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша басыңыз.
3. Есікті бастапқы қалпына дейін
жабыңыз (шамамен 70°).
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп тартып
шығарыңыз.
Есікті орнату үшін осы әрекеттерді кері
ретпен жасаңыз.
Шыны панельдердің жалпы саны әр үлгіде әр түрлі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Есіктің бетіне сызат түспес үшін оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс жерге қаратып
қойыңыз.
Есіктің шыны панельдерін алу және тазалау
1. Есікті алыңыз.
2. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан ұстаңыз
да, ысырманы босату үшін ішке қарай
басыңыз.
3. Есікті босату үшін оның жақтаушасын
алға қарай тартыңыз.
4. Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін, үстіңгі
жағынан ұстап, бір-бірден жоғары
тартып шығарыңыз
5. Есіктің шыны панельдерін тазалаңыз.
Есіктің панельдерін орнату үшін
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Алдымен кішірек панельді, содан кейін
үлкен панельді орнатыңыз.
A
A
B
Күту менен тазалау 31