User manual
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– Ыдыстарды немесе басқа заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– Құрылғының табанына алюминий жұқалтырды тура қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыстарды және тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған кезде абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сәйкес қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Буға пісіру
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Тағамды буға пісіру кезінде құрылғының есігін ашпаңыз. Бу шығып кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
7