User manual

6.3 Тұмшапеш функциясын
орнату
1. Құрылғыны немесе
көмегімен қосыңыз.
Бейнебетте орнатылған температура,
тұмшапеш функциясының белгішесі
мен нөмірі көрсетіледі.
2. Тұмшапеш функциясын орнату
үшін не басыңыз.
3. басыңыз немесе тұмшапеш бес
секундтан кейін автоматты түрде
іске қосылады.
Құрылғыны іске қосып,
ешбір тұмшапеш
функциясын немесе
бағдарламасын
орнатпасаңыз, құрылғы 20
секундтан кейін автоматты
түрде сөнеді.
6.4 Температураны өзгерту
Температураны 5 °C градустық
қадаммен өзгерту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Құрылғы орнатылған температураға
жеткен кезде, дыбыстық сигнал үш рет
естіледі де, Қыздыру индикаторы
сөнеді.
6.5 Температураны тексеру
Функция немесе бағдарлама жұмыс
істеп тұрған кезде құрылғының ішіндегі
температураны көре аласыз.
1. түймешігін басыңыз.
Температура / Уақыт бейнебеті
құрылғының ішіндегі температураны
көрсетеді.
2. Орнатылған температураға оралу
үшін түймешігін басыңыз
немесе ол бес секундтан кейін
автоматты түрде бейнебетте
көрсетіледі.
6.6 Жылдам қыздыру
функциясы
Жылдам қыздыру функциясы жұмыс
істеп тұрғанда тұмшапештің ішіне
тағам қоймаңыз.
Жылдам қыздыру функциясы
тұмшапештің кез келген
функциясында жұмыс істей бермейді.
Егер «Параметрлер мәзірінде» Ақау
функциясы қосулы тұрса, орнатылған
функцияда Жылдам қыздыру
функциясына қолжетімсіз кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Жылдам қыздыру функциясы қыздыру
уақытын азайтады.
Жылдам қыздыру функциясын қосу
үшін түймешігін үш секундтан көп
басып ұстап тұрыңыз.
Егер жылдам қыздыру функциясын
іске қоссаңыз, бейнебеттегі
жолақтар бірінен кейін бірі
жыпылықтап,
функцияның
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
6.7 Буға пісіру
Су тартпасының қақпағы басқару
панелінде орналасқан.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Суды бу генераторының
ішіне тікелей құймаңыз!
Сұйықтық ретінде тек суды
ғана қолданыңыз. Сүзілген
(минералдардан
тазартылған) немесе
тазартылған суды
қолданбаңыз.
1. Су тартпасын ашу үшін оның
қақпағын басыңыз.
2. Су тартпасына 800 мл су құйыңыз.
Су шамамен 50 минутқа жетеді.
3. Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
4. Құрылғыны іске қосыңыз.
5. Бу функциясын («Тұмшапеш
функциясы» кестесін қараңыз)
және температураны орнатыңыз.
6. Егер қажет болса, түймешігін
басып, ҰЗАҚТЫҚ немесе
АЯҚТАУ функциясын
орнатыңыз («АЯҚТАУ функциясын
орнату» немесе «ҰЗАҚТЫҚ
функциясын орнату» тармақтарын
қараңыз).
ҚАЗАҚ 13