User manual

7. Дыбыстық сигналды өшіру үшін
сенсорлық өрісті басыңыз.
8. Ішкі температура сенсорын
розеткадан суырып, етті
құрылғыдан алыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ішкі температура сенсорын
алғанда абай болыңыз.
Бұл ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
9.2 Керек-жарақтарды салу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Пісірме табақты немесе
шұңғыл табаны Толық бу
функциясымен бірге
пайдаланбаңыз.
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шұңғыл таба:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
Тор сөре мен шұңғыл табаны бірге
қолдану:
Шұңғыл сөрені тірегінің
бағыттағышының және жоғарыда
көрсетілген бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
Барлық керек-
жарақтардың үстіңгі оң
және сол жақтарында,
қауіпсіздікті арттыру
үшін шығыңқы
элементтер салынған.
Шығыңқы тұстар
аударылып қалудан
сақтайтын қауіпсіздік
құралдары болып
табылады.
Сөренің биік жиектемесі
ыдыстардың сырғып
кетуіне жол бермейтін
сақтық құралы болып
табылады.
www.aeg.com20