User manual

10.10 Есіктің механикалық
бекітпесі қосулы тұрғанда
есікті ашу
Есіктің механикалық бекітпесі қосулы
тұрғанда есікті ашуға болады.
1. Есіктің бекітпесін сәл итеріңіз.
2. Есікті тұтқасынан тартып ашыңыз.
1
2
Есіктің бекітпесін сырт еткенше
бассаңыз, есіктің бекітпесі ашылады.
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
11.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында
келесі деректер болады:
сөре қоюға болатын деңгейлер
саны.
тұмшапеш функциялары туралы
ақпарат, белгілі тағамдар үшін
ұсынылатын сөре деңгейлері мен
температура мәндері.
11.2 Буға пісіру
Қызуға төзімді және тот баспайтын
ыдыстарды немесе хром қосылған
болаттан жасалған ыдыс
сауыттарын ғана пайдаланыңыз
(кей үлгілерде ғана бар).
Келесі кестеде сөренің дұрыс
деңгейлері көрсетілген. Сөре
деңгейлерін төменнен жоғары
қарай санаңыз.
Тамақты 30 минуттан ұзақ немесе
көп мөлшерде пісірген кезде, қажет
болса, су қосыңыз.
Тағамды дұрыс ыдыстарға салыңыз
және ыдыстарды сөрелерге
қойыңыз. Бу әр ыдыстың
айналасына жақсы таралу үшін
сөрелердің арасында шамалы орын
қалуын қамтамасыз етіңіз.
Қолданып болған сайын су
тартпасындағы, түтіктердегі және
бу генераторындағы суды төгіңіз.
"Күтіп ұстау және тазалау" тарауын
қараңыз.
Кестелерде әдеттегі тағамдарға
арналған деректер беріледі.
Егер кестеде басқа дерек
берілмесе, әрекетті тұмшапеш суық
тұрған кезде бастаңыз.
Рецептке сәйкес параметрлерді
таба алмасаңыз, соған ұқсас
рецептіні пайдаланыңыз.
Күріш пісірген кезде су мен күріш
қатынасы 1,5 : 1 – 2 : 1 болсын,
себебі, күріш суды сіңіреді.
www.aeg.com24