User manual

Балық
Тағам Тағамның ішкі температурасы (°C)
Албырт балық 65 - 70
Бақтақ 65 - 70
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Тазалауға қатысты
ескерім
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
зат қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін
тазалау үшін әдетте қолданылатын
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Май жиналғанда немесе басқа
тағам қалдығы жиналса, өрт шығуы
мүмкін. Гриль табағында бұндай
қауіп одан да күшті.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып
болған сайын тазалап, құрғатып
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына
ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен
тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
12.2 Сөре сырғытпаларын
алу
Тазалауды бастамай тұрып
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері бар.
Құрылғыны тазалау үшін сөре
сырғытпаларын алыңыз.
1. Сырғытпаларды алдыңғы
тежегіштен еппен жоғары тартып
шығарыңыз.
2
3
1
2. Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын бүйір қабырғадан тартып
шығарыңыз.
3. Сырғытпаларды артқы тежегіштен
тартып шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын кері реттілікпен
салыңыз.
12.3 Бумен тазалау
Тазалау циклін кешіктіріп
бастау үшін Аяқтау
функциясын қолдануға
болады. "АЯҚТАУДЫ
орнату" тарауын қараңыз.
Қатты ластанған жерлерді қолмен
тазалаңыз.
1. Шамамен 250 мл суды және 3 ас
қасық сірке суын тікелей бу
генераторына құйыңыз.
2. Бумен тазалау функциясын
орнатыңыз. «Тұмшапеш
функциялары» тарауын қараңыз.
Бейнебетте ұзақтық және әдепкі
температура көрінеді.
3. Тазалай бастау үшін түймешігін
түртіңіз.
ҚАЗАҚ 49