User manual

Буға пісіру жабдығы
Тесіктері жоқ бір және тесіктері бар бір
ыдыс.
Буға пісіру кезінде бу ыдысы
конденсат суды ағызып жібереді. Бұны
тағамды суға салмай пісіру үшін
пайдаланыңыз (мысалы, көкөніс,
балық етінің бөлігі, тауықтың төс еті).
Бұл ыдыс суға пісірілетін тағамдарға
жарамайды (мысалы, күріш, полента,
макарон).
Жөке
Бу генераторында қалған суды
сіңіруге арналған.
Ішкі температура сенсоры
Тағамның қаншалықты піскенін
тексеруге арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-
жарақтардың барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
4.2 Уақытты орнату және
өзгерту
Электр желісіне алғаш қосқаннан кейін
бейнебеттегі белгішелер бірнеше
секунд жанып тұрады. Келесі бірнеше
секундта бейнебетте бағдарламалық
жасақтама нұсқасы көрсетіледі.
Бағдарламалық жасақтама нұсқасы
көрінбей кеткеннен кейін, бейнебетте
"h" және "12:00" көрсетіледі.
8
www.aeg.com