User manual

АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
11.2 Үстіңгі бүріккіш түтікті
тазалау
Үстіңгі түтіктің саңылауларына қоқыс
жиналып қалмас үшін оны уақытылы
тазалауды ұсынамыз.
Саңылауларға қоқыс жиналып қалса
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы
мүмкін.
1. Үстіңгі себетті тартып шығарыңыз.
2. Бүріккіш түтікті себеттен ағыту үшін
үстіңгі бүріккіш түтікті астыңғы
бүріккіш түтік көрсетіп тұрған
бағытқа қарай жоғары басып
тұрып, сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
3. Бүріккіш түтікті ағып тұрған сумен
жуыңыз. Жіңішке, үшкір ұшты
құралды, мысалы, тіс шұқығышты
пайдаланып, саңылаулардағы
қоқыстарды тазалаңыз.
4. Бүріккіш түтікті себетке қайта
орнату үшін үстіңгі бүріккіш түтікті
астыңғы бүріккіш түтік көрсетіп
тұрған бағытқа қарай жоғары
басып тұрып, сағат тілінің
бағытына қарсы бекітілгенше
бұраңыз.
11.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені
немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
11.4 Ішін тазалау
Құрылғыны мұқият тазалаңыз,
соның ішінде есіктің резеңке
тығыздағышын жұмсақ, дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде
май немесе әк жиналып қалуы
мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын
алу үшін ұзақ бағдарламаларды
айына кем дегенде 2 рет қосып
орындауды ұсынамыз.
ҚАЗАҚ 19