User manual

Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін ыдыс
жуғыш машиналарға арналған
арнайы жуғыш затты ай сайын
қолдануды ұсынамыз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамаса немесе
жұмыс жасап тұрып тоқтап қалса.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласу алдында, кестеде
көрсетілген ақпаратты қолданып,
ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Дұрыс жөндемеген
жағдайда пайдаланушы
қатерлі жағдайға тап
болуы мүмкін. Кез келген
жөндеу жұмысын тек білікті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Кей ақаулықтар орын алғанда,
дисплейде ескерту коды
көрсетіледі.
Мәселелердің көпшілігін Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласпай-ақ жөндеуге болады.
Ақау және ескерту коды Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Құрылғыны іске қоса
алмадыңыз.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмайды. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
оны ажыратыңыз немесе кері санақ аяқталғанша
күтіңіз.
Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта
толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің
ұзақтығы шамамен 5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су
құйылмай тұр.
Бейнебетте
көрсетіледі.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте
төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты
жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
www.aeg.com20