User manual

4.
Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
8.3 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1.
Оттықты жағыңыз.
2.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3.
Басқару тетігін алыңыз.
4.
Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз.
A
A)
Орағытпа бұранда
Егер G20 20 мбар табиғи газды
(немесе G20 13 мбар табиғи газ
1)
)
сұйылтылған газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы мықтап
қатайтыңыз.
Егер сұйылтылған газды G20 20
мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/4 дейін босатыңыз.
Егер G20 20 мбар табиғи газды G20
13 мбар
1)
табиғи газға
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шамамен айналымың 1/4 дейін
босатыңыз.
Егер сұйылтылған газды G20 13
мбар
1)
табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/2 дейін босатыңыз.
Егер G20 13 мбар
1)
табиғи газды
G20 20 мбар табиғи газға
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шамамен айналымның 1/4 дейін
қатайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тетікті ең үлкен қалпынан ең
кіші қалпына дейін жылдам
бұраған кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
8.4 Электртоғына қосу
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы атаулы кернеу
мен электрмен жабдықтау түрінің
жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғы электр сымымен
жабдықталған. Оны техникалық
ақпарат тақтайшасындағы
жүктемені көтере алатын дұрыс
ашамен жабдықтау керек. Ашаның
сай келетін розеткаға қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның
қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Құрылғыны ұзартқыш сыммен,
адаптермен немесе көп тармақты
қосылым арқылы қосқан кезде өрт
шығу қаупі бар. Жерге тұйықтау
стандарттар мен ережелерге сай
іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N" таңбасы
салынған ағытпаға жалғанғанына көз
жеткізіңіз. Қоңыр (немесе қара) фаза
сымын "L" таңбасы бар ағытпаға
жалғаңыз. Фаза сымын үнемі қосып
қойыңыз.
1)
тек Ресей үшін
ҚАЗАҚ 13