KK Тұмшапеш Рецептілер кітабы
www.aeg.com 1. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР Әр автоматты рецепт үшін бейнебетте сөренің орны мен ішкі температура үшін алдын ала орнатылған пісіру уақыты немесе пісіруді аяқтау уақыты көрсетіледі. Assisted Cooking (Пісіру барысында көмектесу) мәзірінде тағамдар бірнеше санатқа бөлінген: • Шошқа еті/Бұзау еті • Сиыр/Аң/Қой • Құс еті • Балық • Торт • Десерт • Пицца/Бәліш/Нан • Кассероле/Гратин • Қосымша тағамдар • Дәстүрлі 1.
ҚАЗАҚ Дайындау әдісі: Етті татымына қарай дәмдеңіз де, ішкі температура сенсорын сұғып, ыстыққа төзімді табаққа салыңыз. – Сөренің орналасуы: 1 Шошқаның сирағы Құрамы: • Салмағы 0,8-1,2 кг шошқаның 1 артқы сирағы • 2 ас қасық өсімдік майы • 1 шай қасық тұз • 1 шай қасық хош иісті тәтті паприка • 1 / 2 шай қасық насыбайгүл • 1 шағын қалбырдағы туралған саңырауқұлақ (280 г) • көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты пияз, балдыркөк, ақжелкен) • су Дайындау әдісі: Шошқа сирағының терісін айналдыра кесіңіз.
www.aeg.com жағыңыз. Бұзау сирағын қуыратын қалбырға салыңыз да, үстіне саңырауқұлақты біркелкі таратып салыңыз. Бұзаудың сирағына сорпаға дайындалған көкөністерден салып, су құйыңыз; ыдыстың түбінен 10 - 15 мм асыру керек. Шамамен 30 минуттан кейін қуырылып жатқан етті аударыңыз.
ҚАЗАҚ Қабаттама ет Құрамы: • 2 кепкен тоқаш • 1 пияз • 3 ас қасық туралған ақжелкен • 750 г тартылған ет (сиыр еті мен шошқа еті аралас) • 2 жұмыртқа • тұз, бұрыш және паприка • 100 г беконның жұқа тілімдері Дайындау әдісі: Кепкен тоқашты суға жібітіп, содан кейін суын сығып тастаңыз. Пияздың қабығын аршыңыз да, ұсақтап тураңыз, сосын оны бұқтырып, туралған ақжелкен қосыңыз. Тартылған етті, жұмыртқаны, сығылған тоқаш пен пиязды қосып араластырыңыз.
www.aeg.com су немесе басқа сұйықтық кұйыңыз. Қақпағын жабыңыз. – Сөренің орналасуы: 1 Тұздықталған сиыр еті Тұздықты дайындау үшін: • 1 л су • 500 мл шарап сірке суы • 2 шай қасық тұз • 15 бұрыш түйнегі • 15 арша жидегі • 5 лавр жапырағы • 2 байлам сорпа көкөнісі (сәбіз, қияқты пияз, балдыркөк, ақжелкен) Барлығын бір қайнатып алыңыз да, суытып қойыңыз. • 1,5 кг сиыр еті Тұздықты еттің бетін жапқанша құйыңыз да, 5 күнге тұздықта қалдырыңыз.
ҚАЗАҚ 7 салып, жан-жағы түгел қызарғанша қуырыңыз. Қоян кесектерін алыңыз да, пияз бен беконды қызарғанша қуырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, араластырыңыз. Тауық сорпасы мен ақ шараптан құйып, тасшөп салып араластырыңыз да, қайнауына жеткізіңіз. Кілегей мен дижон қышасын қосыңыз да, етті қайта салып, қақпағын жауып, құрылғының ішіне қойыңыз. – Құрылғы ішіндегі уақыт: 90 минут – Сөренің орналасуы: 1 Параметрлер: Автоматты салмақ. 1000 және 3000 г арасындағы салмаққа арналған параметр ауқымы.
www.aeg.com 1.4 Құс еті Бүтін тауық етті аударыңыз. Бейнебетте ескерту сигналы көрсетіледі. – Сөренің орналасуы: 1 Параметрлер: Автоматты салмақ. 900 және 2100 г арасындағы салмаққа арналған параметр ауқымы. Дайындау әдісі: Тауық етін ыстыққа төзімді табаға салыңыз да, татымына қарай дәмдеңіз. Шамамен 30 минуттан кейін етті аударыңыз. Бейнебетте ескерту сигналы көрсетіледі. – Сөренің орналасуы: 1 Параметрлер: Автоматты ішкі температура сенсоры, ішкі температура 75 °C градус.
ҚАЗАҚ • 1 тасшөп сабағы • 150 г текшелеп туралған бекон • 250 г талшын саңырауқұлағы, тазартылған және төртке бөлінген • 12 шалот пиязы, қабығы аршылған • 2 түйір сарымсақ, қабығы аршылып, жаншылған Дайындау әдісі: Тауықты тазалап, тұз және бұрыш қосып дәмдеңіз де, үстінен ұн себіңіз. Қуыруға арналған табаға тортасы алынған сары майды қыздырып, тауықтың жан-жағы түгел қызарғанша қуырыңыз. Ақ шарап, тауық сорпасы мен соя асқатығын құйып, қайнауына жеткізіңіз.
www.aeg.com Балық филесі Құрамы: • 600 - 700 г алабұға, албырт балық немесе теңіз бақтағының қоң еті • 150 г үгітілген ірімшік • 250 мл кілегей • 50 г нанның жұмсағы • 1 шай қасық эстрагон • ақжелкен, туралған • тұз, бұрыш • лимон • сары май Дайындау әдісі: Балықтың қоң етіне лимон шырынын сеуіп, тұздықтау үшін қоя тұрыңыз, содан кейін артық шырынды майлықпен сіңіріп алыңыз. Балықтың қоң етінің екі жағына да тұз бен бұрыш жағыңыз. Содан кейін балықтың қоң етін пешке төзімді майланған ыдысқа салыңыз.
ҚАЗАҚ • 2 ас қасық зәйтүн майы • 90 г пісірілген ұзын дәнді күріш • 4 ас қасық самырсын жаңғағы • 4 ас қасық қарақат (мейіз) • 2 ас қасық туралған ақжелкен • тұз, бұрыш • лимон шырыны • 4 ас қасық зәйтүн майы • 150 мл шарап • 500 мл қызанақ шырыны Дайындау әдісі: Кальмарды тұзбен қатты ысқылаңыз, содан кейін ағын суға жуыңыз. Пияздың қабығын аршып, ұсақтап тураңыз да, екі ас қасық зәйтүн майын қосып, түсі бозарғанша қуырыңыз.
www.aeg.com – Сөренің орналасуы: 2 1.
ҚАЗАҚ Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліңіз. Жұмыртқаның сарысын ыстық су, 50 г қант, ванильді қант және тұзбен араластырып шайқаңыз. Жұмыртқаның ағын 100 г қант қосып көлемі ұлғайғанша шайқаңыз. Ұн, жүгері ұнын және қопсытқыш ұнтақты қосып елеңіз. Жұмыртқаның ағы мен сарысын қосып, еппен араластырыңыз. Содан кейін ақырындап ұн қосып араластырыңыз. Қоспаны пісірме табаққа құйып, үстін тегістеңіз де, құрылғыға қойыңыз.
www.aeg.com Жемісті де қоспаға қосып араластырыңыз. Қоспаны дайындалған табаққа салыңыз да, қоспаның жиектерін ортасына қарағанда шамалы биіктетіңіз. Торттың жиектері мен ортасын тұтастай бланширленген бадаммен безендіріңіз. Тортты құрылғыға қойыңыз.
ҚАЗАҚ жұмыртқаның сарысы мен сүттің қоспасын жағып, содан кейін бадам үлпектерін себіңіз.
www.aeg.com Сары май, қант, ванильді қант, тұз бен суды араластырып, жұмыртқа мен еріген шоколадты қосыңыз. Грек жаңғағын ірілеп тураңыз, ұнмен және қопсытқыш ұнтақпен араластырыңыз да, шоколад қоспасына қосыңыз. Шұңғыл пісірме табаққа пергамент қағазын жайыңыз, үстіне қоспаны салып, тегістеңіз. – Құрылғы ішіндегі уақыт: 50 минут – Сөренің орналасуы: 2 Пісіргеннен кейін: Суытып қойыңыз, пергамент қағазды алыңыз да, шаршылап кесіңіз.
ҚАЗАҚ 17 Басқа: • Диаметрі 22 см дөңгелек пісірме табақ, майланған Дайындау әдісі: Күнбағыс майын, қоңыр қантты, жұмыртқа мен тосапты қосып шайқаңыз. Қоспаның басқа құраластарын қосып араластырыңыз. Қоспаны май жағылған пісірме табаққа салыңыз. – Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут – Сөренің орналасуы: 2 Пісіргеннен кейін: Сары май, ірімшік пен қант түйіршіктерін араластырыңыз (қажет болса, оңай жағылуы үшін аздап сүт қосыңыз). Суығаннан кейін торттың үстіне жағыңыз да, ең үстіне жер жаңғағын себіңіз.
www.aeg.com ұнмен араластырыңыз. Содан кейін сүтпен бірге еппен жұмыртқа қоспасына қосыңыз. Түбіне нан үгітіндісі себілген серіппелі табаққа салыңыз. – Құрылғы ішіндегі уақыт: 70 минут – Сөренің орналасуы: 1 Пісіргеннен кейін: Абрикос джемін қыздырыңыз да, жаққыштың көмегімен тортқа жағыңыз; содан кейін суытып қойыңыз. Қуырылған қант түйірін, дәмқабық пен қайнаған суды араластырыңыз; содан кейін тортқа жағыңыз. Содан кейін бадам үлпектерін дереу торттың жылтыр қоспасы бар қабатына себіңіз.
ҚАЗАҚ – Пісіріп болғаннан кейін тортты салқындату үшін қойыңыз және ас үй қағазын алыңыз. Безендіргішке алма шырынын және қапшықтағы торт безендіргішін қосып араластырып, торттың үстіне себіңіз. 1.
www.aeg.com • 1 / 2 шай қасық тұз • аздаған бұрыш • 1 шөкім мускат жаңғағы Үстін безендіруге арналған құраластар: • 150 г үгітілген ірімшік • 200 г пісірілген ветчина немесе майсыз бекон • 2 жұмыртқа • 250 г қышқыл қаймақ • тұз, бұрыш және мускат жаңғағы Басқа: • Диаметрі 28 см қара түсті, майланған пісірме табақ Дайындау әдісі: Ұн, май, жұмыртқа мен дәмдеуіштері шараға салып, біркелкі қамыр пайда болғанша араластырыңыз. Қамырды бірнеше сағат тоңазытқышқа қойыңыз.
ҚАЗАҚ – Сөренің орналасуы: 2 Ірімшікті кондитер өнімі Құрамы: • 400 г фета ірімшігі • 2 жұмыртқа • 3 ас қасық туралған жайпақ жапырақты ақжелкен • қара бұрыш • 80 мл зәйтүн майы • 375 г қатпарлы қамыр Дайындау әдісі: Фета ірімшігін, жұмыртқаны, ақжелкен мен бұрышты қосып араластырыңыз. Қатпарлы қамырды құрғап кетпеуі үшін ылғал шүберекпен жабыңыз. 4 жайманы бірінің үстінен бірін салыңыз, әр жаймаға шамалап май жағыңыз. Әрқайсысы 7 см 4 таспаға кесіңіз.
www.aeg.com • 250 г майы аз кварк • тұз Толтырмаға арналған құраластар: • 1 кішкене бас ақ қырыққабат (400 г) • 50 г бекон • 2 ас қасық тортасы алынған сары май • тұз, бұрыш және мускат жаңғағы • 3 ас қасық қаймақ • 2 жұмыртқа Басқа: • Пергамент қағаз төселген пісірме табақ Дайындау әдісі: Спельта ұнын, сары майды, майы аз кваркты және аздаған тұз салып қамыр илеңіз де, тоңазытқышқа қойыңыз. Ақ қырыққабатты жіңішкелеп тураңыз. Беконды текшелеп тураңыз да, тортасыз майға қуырыңыз.
ҚАЗАҚ • тұз, бұрыш және мускат жаңғағы Төмендегілермен араластырыңыз: • 3 ас қасық сары май • 250 г жасыл лазанья • 50 г үгітілген пармезан ірімшігі • 50 г үгітілген жұмсақ ірімшік Дайындау әдісі: Өткір пышақпен беконды қыртысы мен шеміршектен тазартып, ұсақ текшелеп тураңыз. Пияз бен сәбізді аршып, балдыркөкті тазалаңыз, көкөністің бәрін ұсақтап тураңыз. Кәстрөлге өсімдік майын қыздырып, бекон мен туралған көкөністі араластыра отырып қуырыңыз.
www.aeg.com • 1000 г картоп • 1 шай қасық тұз, бұрыш және мускат жаңғағы • 2 түйір сарымсақ • 200 г үгітілген ірімшік • 200 мл сүт • 200 мл кілегей • 4 ас қасық сары май Дайындау әдісі: Картоптың қабығын аршып, жұқалап тураңыз, құрғатыңыз да, дәмдеуіш қосыңыз. Пешке төзімді ыдыстың ішін сарымсақ түйірімен ысқылаңыз да, ыдысты аздаған сары маймен майлаңыз. Дәмдеуіш қосылған картоп тілімдерінің жартысын ыдысқа таратып салыңыз да, үстіне үгітілген ірімшіктен шамалап себіңіз.
ҚАЗАҚ • 250 г тальятелле • 250 г пісірілген ветчина • 20 г сары май • 1 байлам ақжелкен • 1 пияз • 100 г сары май • 1 жұмыртқа • 250 мл сүт • тұз, бұрыш және мускат жаңғағы • 50 г үгітілген пармезан ірімшігі Дайындау әдісі: Аздаған тұз қосылған суды қайнатыңыз. Қайнап жатқан тұзды суға тальятеллені салыңыз да, шамамен 12 минут қайнатыңыз. Содан кейін сорғытыңыз. Ветчинаны текшелеп кесіңіз. Табада сары майды қыздырыңыз. Ақжелкенді турап, пияздың қабығын аршыңыз да, оны да тураңыз.
www.aeg.com • 1 пияз • қуыратын өсімдік майы • 400 г тартылған ет • 250 г ұзын дәнді күріш • тұз, бұрыш және паприка • 1 литр ет сорпасы • 200 мл қаймақ • 100 г үгітілген ірімшік Дайындау әдісі: Қырыққабатты текшелеп турап, өзегін алып тастаңыз. Майоран қосылған тұзды суға салып қайнатыңыз. Пияздың қабығын аршып, ұсақтап тураңыз да, аздаған майға сәл қуырыңыз. Содан кейін тартылған ет пен ұзын дәнді күрішті қосып, бұқтырыңыз да, тұз, бұрыш және паприка қосып дәмдеңіз.
ҚАЗАҚ 27
892961546-A-152013 www.aeg.