Recipe Book

тұз, бұрыш
лимон
сары май
Дайындау әдісі:
Балықтың қоң етіне лимон шырынын
сеуіп, тұздықтау үшін қоя тұрыңыз,
содан кейін артық шырынды
майлықпен сіңіріп алыңыз. Балықтың
қоң етінің екі жағына да тұз бен бұрыш
жағыңыз. Содан кейін балықтың қоң
етін пешке төзімді майланған ыдысқа
салыңыз.
Үгітілген ірімшік, кілегей, нанның
жұмсағы, эстрагон мен туралған
ақжелкенді араластырыңыз. Қоспаны
дереу балықтың қоң етінің үстіне
құйып, сары майдың ұсақ кесектерін
қоспаның үстінен салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 35
минут
Сөренің орналасуы: 2
7.5 Балық филесі, мұзд.
Уақыт пен температураға қатысты
нұсқаулар орамда көрсетілген.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
8. ТОРТ
8.1 Алма қосылған
тарталетка
Құрамы:
Швейцарлық қатпарлы пирожный
қамырының немесе қатпарлы
қамырдың (шаршылап жайылған) 2
жаймасы
50 г жер жаңғағы
1,2 кг алма
3 жұмыртқа
300 мл кілегей
70 г қант
Дайындау әдісі:
Қатпарлы қамырды май мол жағылған
пісірме табаққа қойыңыз да,
шанышқымен түгел тесіп шығыңыз.
Жер жаңғағын қатпарлы қамырдың
үстіне таратып салыңыз. Алманың
қабығын аршып, өзегін алыңыз да, 12
бөлікке кесіңіз. Тілімдерді қатпарлы
қамырдың үстінен біркелкі етіп
салыңыз. Жұмыртқа, кілегей, қант
және ванильді қантты қосып, жақсылап
араластырыңыз да, алманың үстіне
салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 55
минут
Сөренің орналасуы: 3
8.2 Лимон қопсыма торты
Қоспа дайындауға арналған
ингердиенттер:
250 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 шөкім тұз
4 жұмыртқа
150 г ұн
150 г жүгері ұны
1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
2 лимонның үгітілген қабығы
Безендіруге арналған қоспалар:
125 мл лимон шырыны
100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30
см
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған
нан үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, лимон қабығы,
ванильді қант пен тұзды шараға салып
шайқаңыз. Содан кейін жұмыртқаны
бір-бірден қосып, тағы да шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұн мен
жүгері ұнын кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Қоспаны майланған және нан үгіндісі
себілген пісірме табаққа құйып, үстін
тегістеңіз де, құрылғыға қойыңыз.
Піскеннен кейін лимон шырыны мен
қуырылған қант түйірлерін
араластырыңыз. Тортты алюминийден
жасалған жұқалтырға аударып
салыңыз.
ҚАЗАҚ 11