Recipe Book

Қоспаны қағаз қалыптарға салып,
қалыптарды пісірме табаққа
орналастырыңыз да, құрылғының
ішіне қойыңыз. Бар болса кекс
науасын қолданыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 40
минут
Сөренің орналасуы: 3
8.8 Бисквит
Құрамы:
4 жұмыртқа
2 ас қасық ыстық су
50 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 шөкім тұз
100 г қант
100 г ұн
100 г жүгері ұны
2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ
Басқа:
28 см дөңгелек серіппелі пісірме
табақ, түбіне пергамент қағаз
төселген қара тәрелке
Дайындау әдісі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын
бөліңіз. Жұмыртқаның сарысын ыстық
су, 50 г қант, ванильді қант және
тұзбен араластырып шайқаңыз.
Жұмыртқаның ағын 100 г қант қосып
көлемі ұлғайғанша шайқаңыз.
Ұн, жүгері ұнын және қопсытқыш
ұнтақты қосып елеңіз.
Жұмыртқаның ағы мен сарысын
қосып, еппен араластырыңыз. Содан
кейін ақырындап ұн қосып
араластырыңыз. Қоспаны пісірме
табаққа құйып, үстін тегістеңіз де,
құрылғыға қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 45
минут
Сөренің орналасуы: 2
8.9 Ашытқылы бәліш
Қамырға арналған құраластар:
350 г ұн
1 кішкене қапшық құрғақ ашытқы (8
г құрғақ ашытқы немесе 42 г жас
ашытқы)
75 г қант
100 г сары май
5 жұмыртқаның сарысы
1/2 шай қасық тұз
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
125 мл сүт
Пісіріп болғаннан кейін:
375 мл су
200 г қант
100 мл алхоры бренди немесе 100
мл апельсин ликері
Дайындау әдісі:
Араластыратын шараға ұнды, құрғақ
ашытқыны, сары майды, жұмыртқаның
сарысын, тұзды, ванильді қант пен
сүтті салыңыз да, біркелкі қамыр
илеңіз. Қамырды шараға жауып
қойыңыз да, көтерілгенше 1 сағат
қалдырыңыз. Содан кейін қамырды
май жағылған дөңгелек торт
қалбырына салып, бетін жауыбыңыз
да, қайта көтерілуі үшін 45 минутқа
қалдырыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 35
минут
Сөренің орналасуы: 1
Пісіріп болғаннан кейін:
Су мен қантты бір қайнатып алып,
суытып қойыңыз.
Алхоры брендиін немесе апельсин
ликерін қантты суға қосып
араластырыңыз.
Торт суыған кезде, оны ағаш
пышақпен бірнеше рет тесіңіз де,
қоспаның тортқа біркелкі сіңуіне
мүмкіндік беріңіз.
8.10 Қытырлық торт
Қамырға арналған құраластар:
375 г ұн
20 г ашытқы
150 мл жылымшы сүт
60 г қант
1 шөкім тұз
2 жұмыртқаның сарысы
75 г жібіген сары май
Үгінді дайындауға арналған қоспа:
200 г қант
200 г сары май
1 шай қасық дәмқабық
350 г ұн
50 г ұсақталған жаңғақ
www.aeg.com14