Recipe Book

Құрылғының ішіндегі уақыты: 40
минут
Сөренің орналасуы: 3
Пісіріп болғаннан кейін тортты
салқындату үшін қойыңыз және ас
үй қағазын алыңыз.
Безендіру:
250 мл алма шырыны
1 пакет торт безендіргіш ұнтақ
Пісіріп болғаннан кейін тортты
салқындату үшін қойыңыз және ас
үй қағазын алыңыз.
Алма шырынын және торт безендіруге
арналған пакеттегі затты қосып
безендіретін қоспаны дайындап,
тортқа жағыңыз.
8.13 Бадам жаңғағы
Қоспа дайындауға арналған
ингердиенттер:
5 жұмыртқа
200 г қант
100 г марципан
200 мл зәйтүн майы
450 г ұн
1 ас қасық дәмқабық
1 қалта қопсытқыш ұнтақ (шамамен
15 г)
50 г ұсақталған пісте дәні
125 г бадам
300 мл сүт
Үстін безендіруге арналған
құраластар:
200 г абрикос джемі
5 ас қасық қуырылған қант түйірлері
1 шай қасық дәмқабық
2 ас қасық ыстық су
бадам үлпектері
Басқа:
28 см серіппелі пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Жұмыртқа, қант және марципанды
араластырып, 5 минут шайқаңыз,
содан кейін жұмыртқа қоспасына ептеп
зәйтүн майын қосыңыз.
Ұнды, дәмқабықты және қопсытқыш
ұнтақты бірге електен өткізіп,
ұсақталған пісте дәні мен бадамды
ұнмен араластырыңыз. Содан кейін
сүтпен бірге еппен жұмыртқа
қоспасына қосыңыз.
Түбіне нан үгітіндісі себілген серіппелі
табаққа салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 70
минут
Сөренің орналасуы: 2
Пісіріп болғаннан кейін:
Абрикос джемін қыздырыңыз да,
шөткенің көмегімен тортқа жағыңыз.
Содан кейін салқындатып қойыңыз.
Қуырылған қант түйірін, дәмқабық пен
қайнаған суды араластырып, тортқа
жағыңыз. Содан кейін бадам
үлпектерін дереу торттың жылтыр
қоспасы бар қабатына себіңіз.
8.14 Алма штруделі, мұзд.
Уақыт пен температураға қатысты
нұсқаулар орамда көрсетілген.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
8.15 Ірімшік торты/Чизкейк
Негіз дайындауға арналған қоспа:
150 г ұн
70 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 жұмыртқа
70 г жібіген сары май
Ірімшік қаймағын дайындауға
арналған қоспалар:
3 жұмыртқаның ағы
50 г мейіз
2 ас қасық ром
750 г майы аз кварк
3 жұмыртқаның сарысы
200 г қант
бір лимонның шырыны
200 г қаймақ
Ваниль дәмді 1 қапшық қайнатпа
крем ұнтағы (500 мл сүт қосылатын
пуддинг жасау үшін ұнтақтың 40 г
мөлшері қосылады)
Басқа:
Диаметрі 26 см қара түсті пісірме
табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ұнды шараға елеңіз. Қалған құрамдас
бөліктерді қосып, қол миксерімен
араластырыңыз. Содан кейін қоспаны
тоңазытқышқа 2 сағат қоя тұрыңыз.
www.aeg.com16