Recipe Book

Серіппелі пішінді табақтың майланған
түбіне қоспаның шамамен 2/3 бөлігін
жайып, шанышқымен бірнеше рет
тесіңіз.
Қалған қоспадан биіктігі шамамен 3 см
жиек жасаңыз.
Жұмыртқаның ағын қол миксерімен
көлемі ұлғайғанша шайқаңыз. Мейізді
жуып, жақсылап кептіріңіз, содан кейін
оған ром бүркіп, сіңгенше қоя тұрыңыз.
Майы аз кварк, жұмыртқаның
сарылары, қант, лимон шырыны,
қаймақ пен қайнатпа крем ұнтағын
араластырғыш шараға салып,
жақсылап араластырыңыз.
Соңында жұмыртқаның шайқалған ағы
мен мейізді кварк қоспасына еппен
қосыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 85
минут
Сөренің орналасуы: 2
8.16 Фруктовый торт
Құрамы:
200 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 шөкім тұз
3 жұмыртқа
300 г ұн
1/2 қалта қопсытқыш ұнтақ
(шамамен 8 г)
125 г қарақат
125 г мейіз
60 г ұсақталған бадам
60 г қантқа матырылған лимон
қабығы немесе қантқа матырылған
апельсин қабығы
60 г ұсақталған қантқа матырылған
шие
70 г тұтастай бланширленген бадам
Басқа:
Диаметрі 24 см қара түсті пісірме
табақ
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған
нан үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант пен
тұзды араластырғыш шараға салып
шайқаңыз. Содан кейін жұмыртқаны
бір-бірден қосып, тағы да шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұнды
кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Жемісті де қоспаға қосып
араластырыңыз.
Қоспаны дайындалған табаққа
салыңыз да, қоспаның жиектерін
ортасына қарағанда шамалы
биіктетіңіз. Торттың жиектері мен
ортасын тұтастай бланширлеген
бадаммен безендіріңіз. Тортты
құрылғыға қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 100
минут
Сөренің орналасуы: 2
8.17 Жеміс тарталеткасы
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
1 шөкім тұз
125 г сары май
1 жұмыртқа
50 г қант
50 мл суық су
Толтырмаға арналған құраластар:
Жыл маусымына қарай жеміс-жидек
таңдалады (400 алма, шабдалы,
қышқыл шие және т.б.)
90 г бадам
2 жұмыртқа
100 г қант
90 г жібіген сары май
Басқа:
Диаметрі 28 см қайнатпа крем
табағы, майланған
Дайындау әдісі:
Араластыратын шараға ұнды елеңіз
де, тұзды және сары майдың шағын
бөліктерін ұнмен араластырыңыз.
Содан кейін жұмыртқаны, қант пен
суды қосып, қамыр илеңіз.
Қамырды тоңазытқышта 2 сағат
суытып қойыңыз. Тоңазыған қамырды
жайыңыз да, май жағылған қайнатпа
крем табағына салып, шанышқымен
тесіңіз. Жемісті тазалаңыз, өзегін,
сүйегі мен дәндерін алып тастаңыз да,
кішкене кесектерге не тілімге бөліп,
қамырдың үстінен салыңыз. Бадамды,
ҚАЗАҚ 17