Recipe Book

3 ас қасық қаймақ
Дайындау әдісі:
Саңырауқұлақтарды тазалаңыз. Содан
кейін өзегін алып, кішкенелеп тураңыз.
Тұз бен бұрыш қосып дәмдеп, үстіне
лимон шырынын себіңіз.
Дәм-татымы келтірілген
саңырауқұлақтың өзектерін кішкене
қызанақтармен араластырып,
ақжелкен, базилик, нан, горгонзола
және қаймақ қосып, содан кейін тұз,
бұрыш салып дәмдеңіз.
Саңырауқұлақтың қақпақтарын салып,
сары май жағылған пісірме табаққа
салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 15
минут
Сөренің орналасуы: 1
10.2 Толтырмасы бар
қызанақтар
Құрамы 2 адамға арналған:
4 үлкен қызанақ, әрқайсысы
шамамен 300 г
1 кішкене кәді, шамамен 80 г
60 г саңырауқұлақ
1 шалот
2 ас қасық өсімдік майы
100 г пісірілген күріш
50 мл көкөніс сорпасы
75 г моцарелла
1 ас қасық туралған ақжелкен
тұз
жаңа ұнтақталған қара бұрыш
Дайындау әдісі:
Әр қызанақтың үстіңгі жағын қақпақ
тәрізді етіп кесіңіз. Шай қасықты
пайдаланып, қызанақтың қабырғасына
дейін шамамен 1 см қалғанша
ішіндегісінің барлығын алыңыз.
Қызанақтың ішінен алынған бөлігін
ұсақтап тураңыз. Кәдіні дайындап,
текшелеп тураңыз.
Саңырауқұлақтарды жапырақтап
тураңыз. Шалоттардың қабығын
аршып, ұсақтап тураңыз.
Табадағы майды қыздырыңыз.
Шалоттарды бұқтырыңыз. Кәді мен
саңырауқұлақтарды қосып, шамалы
бұқтырыңыз. Күрішті, туралған
қызанақты және сорпаны қосып,
шамамен 5 минут пісіріңіз.
Моцарелланы ұсақтап тураңыз.
Моцарелла мен ақжелкенді күрішке
қосып, тұз және бұрыш қосып
дәмдеңіз. Қызанаққа күріш толтырып,
қызанақтың қақпақтарын жабыңыз.
Қызанақтарды сары май жағылған
пісірме табаққа салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 15
минут
Сөренің орналасуы: bottom glass
Тағамды пісіретін уақыттың жартысы
өткеннен кейін аударыңыз.
10.3 Картоп, кәді қосылған
пісірме
Құрамы 2 адамға арналған:
250 г картоп
200 г кәді
тұз
жаңа ұнтақталған ақ бұрыш
130 г үккіштен өткізілген аралас
ірімшік (мысалы, пицца микс)
1 кшікене қалбырдағы анчоус, 60 г
1 түйір сарымсақ, ұнтақталған
1 ұсақталып туралған шалот
150 мл май алынбаған қаймақ
жас шөптер (мысалы, базилик,
майоран, орегано, тасшөп) немесе
дәмдеуіш қоспа
шамалы зәйтүн майы
Дайындау әдісі:
Картоптардың қабығын аршып, жұқа
тілімдерге бөліңіз.
Кәділерді жуып, ас үй сүлгісімен
мұқият құрғатыңыз. Жұқа тілімдерге
бөліңіз. Пісірме табақты шамалы
зәйтүн майымен майлаңыз.
Картоп пен кәді тілімдерін
араластырып, тұз бен бұрыш қосып
дәмдеңіз. 100 г ірімшікке сарымсақ пен
шалотты қосып араластырып, пісірме
табаққа анчоустарды қосып қабаттап
салыңыз.
Қаймақты ірімшіктің қалғанымен
араластырыңыз. Ұсақ туралған
шөптерді немесе дәмдеуіш қоспаны
қосыңыз. Абайлап араластырып,
тағамның үстіне қасықтап құйыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 30
минут
Сөренің орналасуы: 1
www.aeg.com22