Recipe Book

10.4 Ірімшік гратині
Құрамы 3 адамға арналған:
8 тілім ақ нан
100 мл ақ шарап
1 пияз, дөңгелектеп туралған
100 г үккіштен өткізілген ірімшік
(грюйер немесе Альп ірімшіктері)
400 мл сүт
3 жұмыртқа
тұз
жаңа ұнтақталған қара бұрыш
мускат жаңғағы, үккіштен өткізілген
100 г текшелеп туралған, қақталған
бекон
40 г сары май қабыршықтары
1 байлам пияз
Дайындау әдісі:
Наннан 32 үшбұрыш жасау үшін,
диагональ бойынша екі бағытта
кесіңіз. Жалпақ пісірме табаққа нанның
тілімдері мен дөңгелектеп туралған
пияздарды кезек-кезек салыңыз. Ақ
шараптан себіңіз.
Ірімшікке сүт және жұмыртқа қосып
көпіршітіңіз. Дәм-татымын келтіріп,
нанның үстіне құйыңыз. Тағамның
үстіне беконды біркелкі таратып, содан
кейін үстіне сары майдың
қабыршықтарын таратып салыңыз.
Үстелге тартар алдында пиязды
тағамның үстіне таратып салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 30
минут
Сөренің орналасуы: 1
10.5 Порей пиязы бар
пісірме
Құрамы 2 – 3 адамға арналған:
500 г қияқты пияз
250 г кварк (жарты майы алынған)
50 мл қаймақ
1 жұмыртқа
50 г үгітілген ірімшік, мысалы,
пармезан
1 түйір сарымсақ
тұз
жаңа ұнтақталған қара бұрыш
2 – 3 тілім ветчина
1 толы ас қасық нан қоқымдары
сары майдың қабыршақтары
Дайындау әдісі:
Қияқты пиязды 1 см қалың етіп,
дөңгелектеп турап, қайнап тұрған
тұзды суға 5 минут пісіріңіз. Суын
төгіп, жақсылап сорғытыңыз.
Ветчинаны таспа түрінде тураңыз.
Кварк, қаймақ, жұмыртқа және
ірімшіктің 2/ 3 бөлігін қосып
араластырыңыз. Сарымсақты осы
қоспаға үгітіп салып, араластырыңыз.
Ең соңында қияқты пияздар мен
ветчинаны қосыңыз. Тұз бен бұрыш
салып дәмдеңіз. Сары май жағылған
пісірме табаққа дереу салыңыз.
Ірімшіктің қалғаны мен нанның
қоқымдарын өзара араластырып,
тағамның үстіне себіңіз. Сары майдың
қабыршақтарын көбірек себіңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 40
минут
Сөренің орналасуы: 1
10.6 Толтырмасы бар
каннелони
4 адамға тісбасар ретінде
2 адамға негізгі мәзір ретінде
Құрамы:
1 пияз, ұсақ туралған
1 шай қасық маргарин
1 түйір сарымсақ
1 қалта мұздатылған жапырақты
саумалдық (300 г)
100 г үгітілген ірімшік
1 қалбыр қызанақ (400 г)
10 каннелони түтікшелері
(пісірілмеген)
тез еритін сорпа қоспасы
тұз
ақ бұрыш
орегано
паприка
мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Пиязды табадағы маргаринге
бұқтырыңыз. Мұздатылған
саумалдықтан қосып, саумалдық
ерігенше ара-тұра араластырыңыз.
Шамамен 5 минут пісіріңіз де, 50 г
үккіштен өткізілген ірімшік, ақ бұрыш,
жылдам еритін сорпа қоспасын,
үгітілген сарымсақтың түйірін, және
мускат жаңғағын қосып, дәм-татымын
ҚАЗАҚ 23