Recipe Book

50 г үгітілген пармезан ірімшігі
Дайындау әдісі:
Аздаған тұз қосылған суды
қайнатыңыз. Қайнап жатқан тұзды суға
тальятеллені салыңыз да, шамамен 12
минут қайнатыңыз. Содан кейін
сорғытыңыз.
Ветчинаны текшелеп кесіңіз.
Табада сары майды қыздырыңыз.
Ақжелкенді турап, пияздың қабығын
аршыңыз да, оны да тураңыз. Екеуін
де табаға салып, бұқтырып алыңыз.
Пісірме табаққа аздаған май жағыңыз.
Тальятелле, ветчина және
бұқтырылған ақжелкен мен пиязды
араластырыңыз да, табаққа салыңыз.
Жұмыртқа мен сүтті араластырып,
дәмдеу үшін тұз, бұрыш және мускат
жаңғағын себіңіз, содан кейін паста
қоспасына құйыңыз. Осыдан кейін
тағамның үстіне пармезан ірімшігін
себіңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 45
минут
Сөренің орналасуы: 2
10.10 Бұқтырылған сиыр еті
Құрамы:
600 г сиыр еті
тұз бен бұрыш
ұн
10 г сары май
1 пияз
330 мл қошқыл сыра
2 шай қасық қоңыр қант
2 шай қасық қызанақ езбесі
500 мл сиыр етінің сорпасы
Дайындау әдісі:
Сиыр етін текшелеп тураңыз да, тұз
бен бұрыш қосып дәмдеп, аздаған ұн
себіңіз.
Сары майды табада қыздырып, соған
ет кесектерін қызарғанша қуырыңыз.
Содан кейін кәстрөлге салыңыз.
Пиязды аршып, ұсақтап тураңыз да,
аздаған майға жеңіл-желпі қуырыңыз,
содан кейін табадағы еттің үстінен
салыңыз.
Күңгірт сыра, қоңыр қант, қызанақ
пастасын және сиыр етінің сорпасын
араластырыңыз да, табаға салып, бір
қайнатыңыз. Содан кейін еттің үстінен
құйыңыз (етті жауып тұруға тиіс).
Қақпағын жауып, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 120
минут
Сөренің орналасуы: 2
10.11 Лазанья
Ет асқатығына арналған
құраластар:
100 г таспалап туралған бекон
1 пияз
1 сәбіз
100 г балдыркөк
2 ас қасық зәйтүн майы
400 г тартылған ет (сиыр еті мен
шошқа еті аралас)
100 мл ет сорпасы
1 шағын қалбырдағы туралған
қызанақ (шамамен 400 г)
орегано, тасшөп, тұз және бұрыш
Бешамель асқатығына арналған
құраластар:
75 г сары май
50 г ұн
600 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
3 ас қасық сары май
250 г жасыл лазанья
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
50 г үгітілген жұмсақ ірімшік
Дайындау әдісі:
Өткір пышақпен беконды қыртысы мен
шеміршектен тазартып, ұсақ текшелеп
тураңыз. Пияз бен сәбізді аршып,
балдыркөкті тазалаңыз, көкөністің
бәрін ұсақтап тураңыз.
Кәстрөлге өсімдік майын қыздырып,
бекон мен туралған көкөністерді
үздіксіз араластыра отырып қуырыңыз.
Тартылған еттен біртіндеп қосып,
үзбестен араластырып қуырыңыз да,
ет сорпасын қосыңыз. Ет сорпасына
қызанақ езбесі, асшөп, тұз бен бұрыш
қосып, қақпақ жауып, бәсең отқа қойып
шамамен 30 минут бұқтырыңыз.
ҚАЗАҚ 25