Recipe Book

4.4 Телячья ножка
Құрамы:
Салмағы 1,5 - 2 кг болатын
бұзаудың 1 артқы сирағы
4 тілім пісірілген ветчина
2 ас қасық өсімдік майы
1 шай қасық тұз
1 шай қасық хош иісті тәтті паприка
1/2 шай қасық насыбайгүл
1 шағын қалбырдағы туралған
саңырауқұлақ (280 г)
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз,
қияқты пияз, балдыркөк, ақжелкен)
су
Дайындау әдісі:
Бұзау сирағын бойлай 8 тілікті айнала
кесіп шығыңыз. Піскен шошқа етінің
төрт бөлігін екіге бөліңіз де, тіліктерге
салыңыз. Өсімдік майын, тұзды,
паприка мен насыбайгүлді қосып
араластырып, бұзау сирағына
жағыңыз. Бұзау сирағын қуыратын
қалбырға салыңыз да, үстіне
саңырауқұлақты біркелкі таратып
салыңыз. Бұзау сирағына сорпа
көкөністерін салып, су құйыңыз.
Ыдыстың түбінен 10 - 15 мм асыру
керек. Шамамен 30 минуттан кейін
қуырылып жатқан етті аударыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 160
минут
Сөренің орналасуы: 1
4.5 Дәмдеуіш шөп қосылған
котлета
Құрамы 4 рет тартуға арналған:
кішкенелеп туралған, шамалы
ыстық суға жібітілген нан тілімдері
1 пияз, ұсақталып туралған және
сары майға салынған
1 түйір сарымсақ, ұнтақталған
250 г тартылған сиыр еті
250 г тартылған шошқа еті
100 г қуырылған бұзау еті
1 жұмыртқа
1 шай қасық тұз
бұрыш
паприка
1 ас қасық туралған ақжелкен
1 шай қасық ұсақ туралған
розмарин
1 шай қасық тасшөптің
жапырақтары
4 тілім бекон, үстін жабуға арналған
Дайындау әдісі:
Барлық құраластарды жақсылап
араластырып, котлета жасап,
микротолқынға, қызуға төзімді ыдысқа
салыңыз. Бекон тілімдерімен
жабыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 40
минут
Сөренің орналасуы: 2
4.6 Мерекелік швед
қуырмасы
Құрамы:
200 г кепкен қара өрік
150 мл ақ шарап
1,5 кг шошқаның қоң еті немесе
бұзаудың белдемесі (сүйектері жоқ)
1 орташа пияз
алма
тұз, бұрыш және паприка
Дайындау әдісі:
Қара өріктерді ақ шарапқа салып екі
сағат жібітіңіз. Етті суға сәл ғана
шайып, содан кейін құрғатыңыз. Еттің
астыңғы жағын тіліп, әр тілікке қара
өріктен барынша ары қарай итере
отырып салыңыз. Еттің дәм-татымын
келтіріп, қуыратын табаға өріктері жоқ
жағын жоғары қаратып салыңыз.
Пияздар мен алманың қабығын
аршып, сегіз бөлікке бөліп,
қуырылатын еттің айналасына
қойыңыз. Қара өріктер жібітілген
шараптың қалғанына литрдің төрттен
біріне жеткенше су қосып құйып,
қуырылатын еттің үстіне құйыңыз.
Крокетпен, картоп гратинімен,
брокколи немесе т.с.с. бірге үстелге
тартуға болады.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 60
минут
Сөренің орналасуы: 2
ҚАЗАҚ 5