User manual
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
• Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• Бос тұрған құрылғыны қоспаңыз. Корпустың ішкі
темір бөліктері электр ұшқынын туғызуы мүмкін.
• Тағам мен сусындарға арналған металл
сауыттарды микротолқынмен пісірген кезде
қолдануға рұқсат берілмейді. Егер өндіруші
микротолқынмен пісіруге арналған металл
сауыттардың өлшемі мен пішімін көрсетсе, бұл
талапты орындау шартсыз.
• Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына
зақым келсе, құрылғыны білікті маман жөндегенше
іске пайдалануға болмайды.
• Білікті маман ғана микротолқын қуатынан
қорғайтын қақпақты алуды қажет ететін техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын іске
асыруға тиіс.
• Сұйық заттарды және басқа тағамдарды
тұмшаланған сауытта қыздыруға болмайды.
Жарылып кетуі мүмкін.
• Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
www.aeg.com4