User manual
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Қажетті функцияны орнату үшін
Функция түймешігін қайта-қайта
басыңыз.
2.
Қажетті уақытты орнату үшін
Параметр тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растап,
құрылғыны іске қосыңыз.
4.
Құрылғыны сөндіру үшін:
– уақыт аяқталып, құрылғы
автоматты түрде сөнгенше
күтіңіз.
– есікті ашыңыз. Құрылғы
автоматты түрде тоқтайды.
Пісіруді жалғастыру үшін есікті
жабыңыз. Тағамды қарау үшін
осы функцияны пайдаланыңыз.
–
түймешігін басыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам
болмаса іске қоспаңыз.
6.2 Құрылғыны пайдалануға
қатысты жалпылама ақпарат
Жалпы:
• Құрылғыны сөндіргеннен кейін,
тағамды бірнеше минут қоя
тұрыңыз.
• Алюминий қағаздан жасалған
орамды, темір сауыттарды т.с.с.
тағам дайындар алдында алыңыз.
Пісіру:
• Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін
материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз
келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз
• Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты
пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп немесе
оның кей жерлері жанып кетуі
мүмкін.
• Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып
кетуі мүмкін. Жұмыртқаны қуыру
үшін әуелі сарысын тесіп алыңыз.
• "Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес
үшін бірнеше рет шанышқымен
тесіп қойыңыз.
• Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ
пісіру уақытын орнатыңыз.
• Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
• Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тәрізді тығыз тағамдарды суға
салып пісіру керек.
• Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
• Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
• Жалпақ, кең ыдыстарды
қолданыңыз.
• Фарфор, керамика немесе
балшықтан жасалған мысалы,
сабында кішкене тесігі бар немесе
түбі безендірілмеген ыдыстарды
қолданбаңыз. Осы тесікке енетін
ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі
мүмкін.
• Шыны пісіру науасы тағам мен
сусындарды қыздыруға арналған.
Бұл микротолқынды пештің жұмысы
үшін қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
• Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
• Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін
болса, жіби бастаған бөліктерін
бөліңіз де, алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін,
кваркты жібіту:
• Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі
жібиді. Жібіту алдында темір немесе
28
www.aeg.com