User manual

4.4 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын
ең көп тағам мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында
тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша
тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап,
орамының ауа өткізбейтіндігіне көз
жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды
әлдеқашан мұздаған тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы
тағамдарға қарағанда жақсы әрі
ұзақ сақталады; тұз тағамның
сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш
камерадан алған бетте тура
пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі
мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның әрбір
жеке орамасына оның
тоңазытылған ай-күнін жазып қою
ұсынылады;
4.5 Тоңазытылған
тағамдарды сақтауға қатысты
ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес
бұрын құрылғыны электр
желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының
салқындатқыш құралында
сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу
жұмыстары мен оны қайта
толтыруды тек уәкілетті маман
ғана жүзеге асыруға тиіс.
5.1 Мерзімді тазалау
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап
отыру қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап
нейтрал сабын салынған жылы
сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін
сүртіп алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
12
www.aeg.com