User manual

“Демалыс” функциясының
индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
“Демалыс” функциясының
индикаторы жыпылықтағанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
3.
"Демалыс” функциясының
индикаторы сөнеді.
Тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде, функция
өшеді.
2.13 FROSTMATIC
функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
FROSTMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
FROSTMATIC индикаторы
көрсетіледі.
Бұл функция 52 сағаттан соң
автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін FROSTMATIC
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
FROSTMATIC индикаторы сөнеді.
Функция мұздатқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
3.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
кетіріңіз, содан кейін мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
Егер бейнебетте “dEMo” көрсетілсе,
құрылғы демо-режимде тұрады:
"КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ
КЕРЕК..." тарауын қараңыз.
3.2 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FROSTMATIC функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатқыш
камераға қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
3.3 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды мұздатқыш камераға
салмай тұрып құрылғыны жоғары
параметрлерге қойып кем дегенде 2
сағат қосып алыңыз.
ҚАЗАҚ 9