User manual

Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
2.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыштың және мұздатқыштың
орнатылған температурасын
температура тетіктерін басып
реттеуге болады.
Әдепкі температураны орнатыңыз:
тоңазытқыш температурасы +5°C
мұздатқыш температурасы -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат
ішінде орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
2.7 Minute Minder функциясы
Minute Minder функциясы дыбысты
сигналды қажетті уақытта орнату үшін
қолданылады, мысалы, рецепт
бойынша пісіргенде қоспаны белгілі
бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе жылдам суыту үшін
мұздатқышқа қойған шөлмектерді
ұмытып кетпеу үшін ескерту құралын
қажет еткен кезде қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Minute Minder индикаторы
жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мәнді (30
минут) бірнеше секунд көрсетіп
тұрады.
2.
Таймердің орнатылған мәнін 1
мен 90 минут аралығында өзгерту
үшін таймер тетігін басыңыз.
3.
OK түймешігін басып құптаңыз.
Minute Minder индикаторы
көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды
(min).
Кері санақ аяқталған кезде, Minute
Minder индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал естіледі:
1.
Мұздатқыш камерадағы
сусындарды алыңыз.
2.
Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
OK түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып
тұрған кезде, кез келген уақытта
ажыратуға болады.
1.
Mode түймешігін Minute Minder
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
Minute Minder индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі
мен "Жылырақ температура"
түймешігін басып, уақытты кері санақ
орындалып тұрған кезде және
аяқталған кезде өзгертуге болады.
2.8 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Түймешіктер байқаусызда іске
қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі
функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тиісті белгіше пайда болғанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
3.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жыпылықтағанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
3.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы сөнеді.
2.9 Жоғары температураны
ескерту сигналы
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты өшкен кезде)
төмендегідей көрсетіледі:
ескерту сигналының және
мұздатқыш температурасының
индикаторлары жыпылықтайды
дыбысты сигнал естіледі.
Ескерту сигналын тоқтату үшін:
1.
Кез келген түймешікті басыңыз.
24
www.aeg.com