User manual
2.
Дыбысты сигнал өшеді.
3.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы, ең жоғары
температураны бірнеше секунд
көрсетіп тұрады. Содан кейін
қайта орнатылған температураны
көрсетеді.
4.
Ескерту индикаторы қалыпты
жағдай орнағанша жыпылықтап
тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде
ескерту индикаторы сөнеді.
2.10 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің
ашық тұрғандығы төмендегі белгі
арқылы көрсетіледі:
• ескерту шамы жыпылықтайды
•дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда), дыбыстық
сигнал тоқтайды.
Ескерту сатысында ескерту түймешігін
басып ескерту сигналын сөндіруге
болады.
2.11 COOLMATIC функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін COOLMATIC функциясын
іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
COOLMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
COOLMATIC индикаторы
көрсетіледі.
COOLMATIC функциясы шамамен 6
сағат уақыт өткенде автоматты түрде
өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін COOLMATIC
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
2.12 “Демалыс” функциясы
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
“Демалыс” функциясы қосылып
тұрған кезде, тоңазытқыш
камерасының іші бос болуға
тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тиісті белгіше пайда болғанша,
Mode түймешігін басыңыз.
“Демалыс” функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
“Демалыс” функциясының
индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
“Демалыс” функциясының
индикаторы жыпылықтағанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
3.
"Демалыс” функциясының
индикаторы сөнеді.
Тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде, функция
өшеді.
2.13 FROSTMATIC
функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
FROSTMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
FROSTMATIC индикаторы
көрсетіледі.
ҚАЗАҚ 25