User manual

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш іске
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету жəне құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулерін мұқият оқып
шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін оны
пайдалану тəсілдерін жəне қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін функцияларымен
жете таныс болуы керек. Осы
нұсқауларды сақтап қойыңыз
, егер
құрылғыны орнынан жылжытсаңыз
немесе немесе сатсаңыз, оны
пайдаланатын əрбір адам құрылғының
қауіпсіздік нұсқауларынан үнемі
хабардар болуы үшін, нұсқаулықты да
қоса беруді ұмытпаңыз.
- Құрылғыны алғаш іске қолданбай
тұрып пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
Осы өнімнің техникалық сипаттамаларын
өзгертуге немесе оны түрлендіруге
əрекет жасау қауіпті.
Бұл құрылғыны физиологиялық жəне
сезім жүйесіне қатысты шектілікке ие
немесе оны қолдануға қатысты
тəжірибесі мен білімінің аздығына
байланысты пайдалана алмайтын
адамдар (балаларды қоса алғанда),
құрылғыны пайдалану туралы ерекше
нұсқау алмаса немесе өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамдар
қадағаламаса пайдаланбауға тиіс.
Кішкене балалар мен үй
жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз. Бұндай
жағдай орын алмас үшін құрылғыны
пайдаланбас бұрын барабанның ішін
тексеріңіз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге, тас не басқа да қатты, өткір заттар
шексіз зиян келтіретіндіктен оларды
машинаға салмау керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада
киілетін қалпақтар, су өткізбейтін
текстиль (егер арнайы кептіру
бағдарламасы болмаса), резеңкемен
астарланған заттар мен
киімдерді
немесе резеңке толтырылған
жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қолданып болғаннан кейін, тазалау жəне
күтім көрсету жұмыстарын орындайтын
кезде құрылғыны үнемі тоқтан
ажыратыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз. Тəжірибесіз
адам жүргізген жөндеу жұмыстары
адамды жарақаттауы немесе құрылғыға
елеулі ақау келтіруі мүмкін. Жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Əрқашан тек фирмалық
бөлшектерді пайдалануды талап етіңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз жəне балауыз кетіргіш тəрізді
заттарды, кір кептіргіш машинада
кептірмей тұрып, қосымша жуғыш заттан
қолданып ыстық сумен жуу керек.
Жарылыс шығу қаупі бар: Тұтанатын
еріткіштерге (бензин, метил спирті,
құрғақтай тазалауға арналған құрал жəне
т.с.с.) тиген заттарды ешқашан кір
кептіргіш машинада кептіруге болмайды.
Бұндай заттар ұшқыш болатындықтан
жарылыс шығуы мүмкін. Тек сумен
жуылған заттарды ғана кептіргіш
машинада кептіріңіз.
Өрт қатері: Көкөніс майына немесе
тағам пісіретін майға батырылған немесе
осындай майдың дақтары түскен заттар
өрт қатерін тудырады, сондықтан
оларды кір кептіргіш машинаға салуға
болмайды.
Егер кірді дақ
кетіргішпен жусаңыз, кір
кептіргіш машинаға салмай тұрып
қосымша шаю циклын орындауыңыз
керек.
Құрылғыға салынған кірлердің немесе
заттардың қалтасында ешбір газ
ҚАЗАҚ 31