User manual

УАҚЫТ БОЙЫНША КЕПТІРУ
ФУНКЦИЯСЫ
Уақыт бағдарламасында ғана жұмыс
істейді. Пайдаланушыға кептіру
бағдарламасы үшін уақытты ең кемі 10
минуттан бастап, ең көбі 2 сағатқа дейін (10
минуттық қадаммен) арнайы қоюға
мүмкіндік береді.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ
Кептіру бағдарламасын ең кемі 30
минуттан бастап, ең көбі 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға мүмкіндік
береді.
1. Кептіру бағдарламасы мен
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп бастау
уақыты (егер бағдарлама 12 сағаттан
кейін басталса, мысалы,
)
көрсетілгенше басыңыз.
3. Кешіктіріп бастау функциясын іске қосу
үшін Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама басталуға
дейін қалған уақыт кері санала
бастайды.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ФУНКЦИЯСЫ
Балалар құрылғымен ойнамас үшін бала
қауіпсіздігінің құралын орнатуға болады.
Бала қауіпсіздігінің құралы барлық
түймешіктерді жəне бағдарлама тетігін (бұл
функция Auto/Off түймешігін
құрсауламайды) құрсаулайды. Бала
қауіпсіздігі функциясын іске қосу үшін
Құрғақ плюс жəне Баппен кептіру
түймешіктерін бейнебетте
белгісі
көрсетілгенше қатар басыңыз. Ажырату
үшін жоғарыда көрсетілген түймешіктерді
қайта, бейнебеттегі белгі көрсетілмей
кеткенше қатар басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясын келесі
жағдайда іске қосуға болады:
Бастау/Үзіліс түймешігін баспай тұрып -
құрылғы іске қосылмайды
Бастау/Үзіліс түймешігін басқаннан кейін
- барлық түймешіктер мен бағдарлама
тетігі ажырайды
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Бағдарламаны іске қосу үшін түймешікті
суретте көрсетілгендей басыңыз.
Түймешіктің үстіндегі LED индикаторы
қызыл түспен жанады.
БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Бағдарламаны өзгерткіңіз келсе, Қосу/
Сөндіру түймешігін басып құрылғыны
сөндіріңіз. Құрылғыны қосу үшін
Қосу/
Сөндіру түймешігін басып, содан кейін
бағдарламаны қайта орнатыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Кептіру циклы аяқталған кезде бейнебетте
белгісі жыпылықтайды. Егер Сигнал
құралы функциясы қосылса, дыбыстық
сигнал ара-тұра, бір минут бойы естіліп
тұрады.
Кірді алу үшін:
1. Құрылғыны сөндіру үшін Auto/Off
түймешігін 2 секунд басыңыз.
2. Құрылғы есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Əр кептіру циклы аяқталған сайын:
сүзгіні тазалаңыз
су сауытын босатыңыз
(КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ тарауын қараңыз.)
ҚАЗАҚ 43