User manual

АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ
ЕСКЕРІМ
Жуып, содан кейн кептіру үшін мата
жұмсартқышты қолданбаңыз. Кір
кептіргіш машинада кір автоматты түрде
жұмсарады.
Конденсатты тазартылған судың орнына,
мысалы, бумен үтіктеу үшін қолданыңыз.
Егер қажет болса, конденсатты кішкене
қыл-қыбырдан тазалауға (мысалы, кофе
сүзгісімен) болады.
Құрылғының астыңғы жағындағы ауа
саңылауларын əрқашан таза ұстаңыз.
Бағдарламалар тарауында көрсетілген
кірдің салмақтарын қолданыңыз.
Құрылғы орнатылған
жерде ауаның
жақсы алмасуын қамтамасыз етіңіз.
Сүзгіні əр кептіру циклы аяқталған сайын
тазалаңыз.
Кірді кептіру алдында жақсы
айналдырыңыз.
КІРДІҢ ОРТАША САЛМАҚТАРЫ
монша киімі 1200 г
көрпе жапқыш 700 г
ерлердің жұмыс
жейдесі
600 г
ерлердің пижамасы 500 г
жейде 500 г
үстел жапқыш 250 г
ерлердің жейдесі 200 г
пижама 200 г
жастықтың тысы 200 г
сүлгі 200 г
блуза 100 г
əйелдердің іш
киімдері
100 г
ерлердің іш
киімдері
100 г
майлық 100 г
сулық 100 г
СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ ЖƏНЕ
ӨТКІЗГІШТІГІ
Судың кермектігі əр жерде əр түрлі болуы
мүмкін. Судың кермектігі судың
өткізгіштігіне жəне құрылғының ішіндегі
өткізгіштік сенсорының жұмысына əсер
етеді. Судың өткізгіштігінің мəнін
білсеңіз, кептіру нəтижесін жақсарта
түсу үшін сенсорды реттеуге болады.
Сенсордың өткізгіштігін өзгерту үшін:
1. Бағдарлама тетігін бағдарламаға
бұраңыз.
2. 2 түймешікті бір уақытта қатар
басыңыз (суретке қараңыз).
Бейнебетте белгілердің бірі жанғанша
басып ұстап тұрыңыз
:
төмен өткізгіштік <300 µS/
см
орташа өткізгіштік 300-600
µS/см
жоғары өткізгіштік >600 µS/
см
3. Қажетті деңгей (суретке қараңыз)
орнағанша түймешікті қайта-қайта
басыңыз.
4. Параметрді жадыға енгізу үшін 2
түймешікті 2-ші тармақта
көрсетілгендей бір уақытта басыңыз.
44