User manual
Сақтандыру туралы ескерту!
Кір кептіргіш машинаны
компрессорға қыл-қыбыр тұрып
қалған кезде қолданбаңыз. Себебі
кір кептіргіш машинаға нұқсан
келтіруі мүмкін. Бұл сондай-ақ,
қуаттың өте көп жұмсалуына
əкеледі.
Компрессорды тазалау үшін өткір
заттарды қолданбаңыз.
Компрессорға нұқсан келсе су ағуы
мүмкін.
Кір кептіргіш машинаны
компрессорсыз қолданбаңыз.
БАРАБАНДЫ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалар алдында
тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабанның
қырларын тазалау үшін стандартты
бейтарап сабынды жуғышты қолданыңыз.
Тазаланған бетті жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Барабанды тазалау үшін жеміргіш
материалдарды немесе темір жүн
жөкені қолданбаңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ МЕН
КОРПУСЫН ТАЗАЛАУ
Басқару панелі мен корпусын тазалау үшін
стандартты, бейтарап сабынды жуғышты
қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны жиһаз тазалайтын
заттармен немесе тот бастыратын
жуғыш заттармен тазаламаңыз.
ҚАЗАҚ 51