User manual
ОРНАТУ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ
• Кір кептіргіш машинаны қоқыс
жиналмайтын таза жерге орнату керек.
• Құрылғының айналасында ауа еркін
айналып тұруға тиіс. Құрылғының
астыңғы жағындағы алдыңғы ауа өткізгіш
саңылаулары бітеліп қалмасын.
• Діріл мен шуылды барынша азайту үшін,
кір кептіргіш машинаны орнықты жəне
тегіс жерге қойып қолдану керек.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас көмегімен
деңгейін тексеріңіз. Деңгейі дұрыс
болмаса
, тіректерін реттеңіз.
• Тіректерін алмаңыз. Қалың кілем, ағаш
немесе сол сияқты затты қолданып,
құрылғы мен еден аралық орынды
азайтпаңыз. Бұл құрылғының жұмысына
кедергі туғызуы мүмкін қызу мөлшерін
көбейтеді.
• Кір кептіргіш машина ішіндегі
ыстық ауаның температурасы 60
°C градусқа дейін көтерілуі
мүмкін. Құрылғыны жоғары
температураға төзбейтін еденге
орнатпау керек.
• Кір кептіргіш машина жұмыс
істеп тұрғанда бөлме
температурасы +5 °C градустан
төмен, +35 °C градустан жоғары
болмауы керек. Бұл құрылғының
жұмысына теріс əсер етуі мүмкін.
• Құрылғыны орнынан жылжыту
керек болса, тігінен жылжыту
қажет.
• Құрылғыны құлыпталатын
есіктің, сырғытпа есіктің, кір
кептіргіштің есігін
толық ашуға
кедергі келтіретін, топсасы
құрылғы есігінің топсасына
қарама-қарсы орналасқан есіктің
артына орнатуға болмайды.
ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Тасымал кезінде қолданылған
бөлшектерінің барлығын, құрылғыны
қолданбай тұрып алу керек.
Полистирол тежегіштерді алу үшін:
1. Кір салынатын есікті ашыңыз.
2. Полистирол тежегіштері бар 2 пластик
түтіктерді барабаннан алыңыз.
x2
Кір кептіргіш машинаның деңгейін реттеуге
болады. Ол үшін тіректерді реттеңіз
(суретке қараңыз).
15mm
ҚАЗАҚ 55