Operating instructions

KZ
22
! Бұл нұсқаулықты бұдан әрі де кеңес беру үшін
сақтап қою маңызды. Сатқан, біреуге берген немесе
қоныс аударған жағдайда, жаңадан алған иесі оны
пайдалану ережелерін және тиісті сақтандыруларды
білуі үшін осы нұсқаулық бұйыммен бірге болуы керек.
! Нұсқаулықпен мұқият танысыңыздар: онда
бұйымды орнату, пайдалану және оның қауіпсіздігі
туралы маңызды мәліметтер бар.
Орналастыру
! Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат
бермеңіздер.
Орам материалдары қалдықты бөліп жинау
ережесіне сәйкес жойылуы тиіс. (Сақтандыру және
ұсыныстарды қара).
! Бұйымды орнату осы нұсқаулыққа сәйкес, білікті
мамандардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Бұйымды дұрыс емес орнату мүлікке зақым келтіруі
және адамдардың және үй жануарларының өміріне
қауіп тудыруы мүмкін.
! Бұйым үнемі желдетуі бар жайларда сол елдің
қолданыстағы нормативтік ерекшеліктеріне сәйкес
орнатылуы мүмкін. Келесі талаптар сақталуы керек:
Жайда сорғыш зонт және электр желдеткіш түрінде
жасалған, әр бұйым іске қосылған сәт сайын
автоматты түрде қосылатын түтінді ауаға шығару
жүйесі қарастырылуы керек.
Бұйым орнатылатын жайларда газдың жануына
барынша қажетті көлемдегі ауа тасқыны
қамтамасыз етілуі керек. Ауа шығыны белгіленген
күштен 1 кВТ үшін 2 м<+>3/сағ кем болмауы керек.
Торлармен қоршалған,
желдеткіш тесіктері пайдалы
қисықтары 10см2 кем емес
ауданда ауа өткізгіштігі
болуы керек және олардың
кейбір бөліктері де жабылып
қалмайтындай күйде
орналасуы тиіс.
Немесе тесіктер, егер пісіру
панелі от жанбай тұрған кезде
сақтандыру қондырғыларымен
жабдықталмаса және ауа
үйдің жалпы аумағына
жатпайтын көршілес
жайлардан, жоғарыда
аталғандай көшеге қарайтын
өртке қарсы жайлардан
немесе желдеткіші бар жатын бөлмелерден келіп
тұрса ауа қақпасын қоюға болады.
Қоса жасалған монтаж
Газ және газ-электрлі пісіру панелдері артық қызып
кетпес үшін Х класындағы жүйемен жабдықталған,
сондықтан да ас үй пешін асүй жиһаз элементтерінің
жанына орнатуға болады, олардың биіктігі пісіру
панелінен асып кетпеуі керек. Пісіру панелін дұрыс
орналастыру үшін келесі іс-шаралар сақталуы керек:
Асүй пешінің жанында орналасқан, биіктігі пісіру
панелінен артық емес асүй элементтері арасындағы
арақашықтық 600 мм кем емес болуы керек.
Сорып шығару қондырғысы оның пайдалану
нұсқаулығына сәйкес және кез келген жағдайда 650 мм
биіктіктен аспайтын арақашықтықта орналасуы керек.
Сорғыш қондырғыға қоса берілген аспалы
шкафтарды жұмыс жасайтын бетінен 420 мм кем
емес биіктікте орналасуы керек (суретті қара).
Егер пісіру панелі аспалы
шкафтың астына қойылатын
болса, соңғысы асүй жылыту
пешінен 700 мм қашықтықта
орналасуы керек (суретті қара).
Асүй элементінің төменгі жағының өлшемі
суреттегіге сәйкес келуі керек. Бекіту кешеніне
нығайту пісіру панелін асүйдің қалыңдығы 20 дан
40 мм болатын қызметтік жоғарғы бетіне бекіту
үшін арналған ілмектері кіреді. Пісіру панелін
сенімді түрде нығайту үшін барлық қосымша
берілген кнопкаларды пайдалану ұсынылады.
555 mm
475
mm
55 mm
Ас үй пешін нығайтар алдында кестеде
көрсетілген пісіру панелі бойынша нығыздағышты
(қоса беріледі) орнатыңыз.
Монтаж
Есік жəне еден арасындағы
тесікті үлкейту
Жайдағы
желдеткіштер
кіріккен
A
Жануға ауа ағыны кіру үшін
желдеткіш тесіктерінің
мысалдары
Мыс жабындысы бар каминге немесе мұржаға
(ас дайындауға ас үй құралдары үшін)
Тікелей
ауаға
600mm min.
600mm min.
700mm min.