User Manual

KZ
123
Орнатылуы тік болғанда ешбір түрде реттеп лайықталуы қажет емес; ал орнатылуы көлбеу болғанда
дисплей “MODE” + “ECO” түймешіктерін бірге 5 секунд бойы басу арқылы реттеліп лайықтануы қажет.
Орнату - жергілікті уақытты орнату.
Жергілікті уақытты орнату барысында құралды алғашқы рет қосқанда құрал өз-өзімен автоматты
түрде лайықты уақыттың орнатылуын сұрайтын болады; келесі қосқандарда "set" түймешігін 3 секунд
бойы басып тұруыңыз қажет. Құрал тұтқасын бұра отырып көрсетіліп тұрған сағат мәндерін өзгертіп,
өзгертілген сағатты "set" түймешігі арқылы қуаттаңыз. Минут мәндерін орнату үшін осы операцияны
қайталаңыз.
Бағдарламалау режимі (Қол режимі, 1-ші бағдарлама, 2-ші бағдарлама, 1-ші және 2-ші бағдарламалар).
"Mode" түймешігінің әр басылуында басқа бір жұмыс режимі таңдалады (лайықты жыпықтап тұратын
жазба арқылы белгіленеді: P1, P2, Man). Режимдерді таңдау циклдермен өткізіліп, келесі ретпен
өзгертіліп тұрады: P1, P2, P1 және P2 бірге, жаңа P1 және т.б. "Р1" және "Р2" бағдарламалары әдепкі
қалпы бойынша 07:00 және 19:00 уақыттық аралықтарында температурасы 70 °C болып орнатылған.
"Manuale" ("Қол режимі") ("Man" белгісі жанып тұрады).
Пайдаланушыға, температура деңгейін таңдалған температурасының көрсетілуіне дейін ( қараңыз)
(l’intervallo di regolazione è di 40 °C - 80 °C) (орнату параметрлерінің аралығы 40 °C - 80 °C арасында)
тұтқаны жәй ғана бұру арқылы орнатып қоюға мүмкінішілік беріп, лайықты жанып тұрған белгілер
базасында қолжетімді болған душ процедураларының санын дисплейде көріп тұра алуын қамтамасыз
етеді . "set" түймешігін басқанда таңдалған параметлері сақталатын болады. Температура таңдау
фазасында, сонымен қатар жылыту фазасында, белгіленген мәндерге жету үшін қалған (F қараңыз)
уақытты көріп тұруға болады ( қараңыз).
"" ("Р1" жазбасы жанып тұрады), "" ("Р2" жазбасы жанып тұрады)
және "" ("Р1 және Р2" жазбасы жанып тұрады) ыстық судың беріліп
тұруы қамтамасыз етілуі қажет болғанда күнінде екі уақыттық аралықтың енгізіліп қойылуын мүмкін
етеді. Өзіңізге керекті бағдарламаға қатысты жазбалар жыпықтай бастағанша дейін "mode" түймешігін
басып тұра беріңіз. Осы сатында, Өзіңіз ыстық судың берілуін қалаған уақытты тұтқаны бұра отырып
таңдап алып орнатыңыз (уақытты 30 мин қадаммен таңдауға болады). "set" түймешігін басқанда
таңдалған уақыт параметлері сақталатын болады.
Ыстық судың температурасын Өзіңіз қалаған деңгейде орнату үшін тұтқаны бұрып, параметрлерді
сақтау үшін "set" түймешігін басыңыз. Жабдықтың жұмысын "P1" немесе "P2" режимдерінде бастау
үшін "set" түймешігін қайта басыңыз. "P1 және P2" режимін таңдағаныңызда екінші бағдарлама үшін
уақыт және температураны орнату әрекеттерін қайталаңыз. Ыстық су керек болмаған жағдайларда
суды жылыту функциясын өшіріп қойыңыз. "Р1" және "Р2" бөлек бағдарламалар бір біріне
баламалы болып, жағдайға қарай қолдану үшін бір бірінен бөлек түрде реттеліп орнатыла алынады.
Бағдарламалау функцияларының бірі ("P1" немесе "P2" не "P1 және P2") қосылып тұрғанда құрал
тұтқасы жұмыс істемейтін болады. Параметрлердің өзгертілуі қажет болғанында "set" түймешігін
басуыңыз лазым.
Бағдарламалау функцияларының бірі ("P1" немесе "P2" не "P1 және P2") "ECO" функциясымен
бірге қолданылатын болса ("ECO EVO" функциясы тарауын қараңыз), жабдықтағы температура өз-
өзімен автоматты түрде орнатылып қойып, ыстық суды алу үшін Өзіңіз қалаған уақыттық аралықты
енгізуіңізге болады.
ЕСКЕРТУ: әр құрал жабдықтарында, егер пайдаланушы 5 секунд бойы ешбір әрекет жасамасы,
жүйе соңғы енгізілген параметрлерін сақтайтын болады.

"ECO EVO" функциясы - пайдаланушының тұтынатын деңгейлерін автоматты түрде "жадысында
сақтап" отырып, жылудың шашырауын мейлінше қысқарта отырып, электр қуатының сақталуын
арттыра отыратын бағдарламалық жасақтама. "ECO EVO" бағдарламалық жасақтамасының
жұмыс істеуі бір апталық бастапқы сақтау уақытын қамтып, осы апта ішінде құрал белгіленге
температурамен жұмыс істей бастайды. Осы "apprendimento" ("жадыда сақтау") аптасы соңында
бағдарламалық жасақтама, құрал арқылы тұтынудың нақты көлемі автоматты түрде белгіленуі
негізінде, су жылытылуын қамтамасыз етіп тұрады. Құрал, тіпті судың алуы болмаған уақыттарында
да, ыстық судың минималдық резерв көлемінде бар болуын қамтамасыз етеді.
Ыстық суды тұтыну көлемін анықтап жадыда сақтау процессі бірінші апта өткеннен кейін
жалғастырылып тұра береді. Осы процесс мәндерді 4 апта бойы жадыда сақтағаннан кейін өзінің
максималдық тиімділігіне жетеді.
Функцияны белсендіру үшін жанып шығатын лайықты түймешікті басыңыз. Осы режимде
температураны қолмен таңдауыңызға болады, дегенмен, бұл өзгерту арқылы "ECO EVO"
функциясының өшіріліп қойылады.
Осы функцияны қосу үшін "ECO" түймешігін басыңыз.
"ECO EVO" функциясы немесе құрал өшіріліп қайта қосылған әр кезде функция тұтыну деңгейлерін
жадысында сақтай беретін болады. Бағдарламаның қалыпты түрде жұмыс істеп тұруын қамтамасыз
ету үшін құралды электр қуатын беру жүйесінен ажыратпауыңызды өтінеміз. Құралдың ішкі жадысы,
электр қуатынан ажыратылған кезде ең көбінде 4 сағат бойы деректерді сақтай алады, одан кейін