Instruction manual

Пайдалану нұсқаулығы
WA-55
59
Kz
Ескерту: тек клиникалық мақұлданған түпнұсқалық манжетаны қолданыңыз.
Бос тағылған манжета дәл өлшеуге әсер етуі мүмкін.
5.3. Манжетаны орау
а) Манжетаның ұшын металл көсек арқылы ауа түтігінің нүктесі манжетаны кигізгенде сыртта
қалатындай етіп өткізіңіз.
б) Түтікті пайда болған сақинаға ауа түтігі Сіздің алақаныңызға қарай шығатындай етіп киліктіріңіз.
в) Манжетаны қолға шеті шынтақ бүгілісінен 2-3 см жоғары болатындай етіп орналастырыңыз.
Манжетаға ауа түтігінің ену нүктесі сырт жағынан қарағанда шынтақ ойығынан
тыс болатындай етіп орналастырылуы керек.
г) Манжетаны бос ұшынан тарта отырып, қолдың бітім ерекшеліктерін ескере отырып тығыз,
бірақ аса қатты тартылмаған күйде кидіріңіз.
д) Манжета қолға тығызынша жанасуы керек, керісінше жағдайда өлшемдер дұрыс болмайды.
Манжета киімнің сыртынан киюге болмайды.
е) Қолыңызды үстелге манжетаға ауа түтігінің кіретін нүктесі шынтақ ойығының ішкі жағында
және жүрек деңгейінде болатындай етіп орналастырыңыз. Шлангтың ораспауын бақылаңыз.
ж) Өлшеу алдында бірнеше минут тыныш отыра тұрыңыз.
Маңызды!
Өлшемдерді тек оң қолда ғана емес, сол жақ қолмен де жасауға болады.
Кез келген жағдайда, артериялық қысымды бақылау үшін және алынған өлшеу нәтижелерін салыстыру
үшін өлшемдері бір қолда жасау керек (артериялық қысым жоғары болып табылатын қолда).
5.4. Өлшеу режимін таңдау
а) 3 Check өлшеу режимі
3 Check тәртіптемесін таңдау үшін құралдың бүйіріндегі ажыратқышты «3» қалыпқа келтіріңіз.
3 Check режимінде бір ауысымда автоматты түрде манжетаны қолдан алмастан үш кезектік өлшем орындалады. Содан соң нәтиже автоматты
түрде талданады және көрсетіледі. Атериялық қысым үнемі өзгеріп отыратындықтан аталған әдіспен алынған нәтиже неғұрлым сенімдірек, бір
реттік өлшем нәтижесіне қарағанда.
3 тәртіптемесін таңдағаннан кейін дисплейде белгі
пайда болады.
б) Бір реттік өлшем режимі. Бір реттік өлшем тәртіптемесін таңдау үшін құралдың бүйіріндегі ажыратқышты «1» қалыпқа келтіріңіз.
Бір реттік өлшеу режимінде бер рет өлшем жасалады.