Safety Information

16
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР- Аксессуарлар
KZ
“Баркан” компаниясы бұйымның орнатылуына жауап бермейді.
Құрастыруды жүргізетін маманнан кепілдікті құжатты талап етіңіз.
БҰЙЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ КЕПІЛДІКТІ МЕРЗІМІ – қаптамада, сондайқ
www.barkanmounts.com сайтында көрсетілген.
Құрметті сатып алушы! “Баркан” компаниясы біздің жоғары сапалы бұйымымызға
жасаған таңдауыңыз үшін Сізге алғыс білдіреді әрі көрер көзге қызықты, тыңдар құлаққа
жағымды болсын! Бұйымнан немесе оның жасалған материалдарында ақау табылса,
“Баркан” компаниясы бұйымға тегін жөндеуге немесе оның ауыстырылатынына
кепілдік береді. Мұндай жағдайда, жасалған сауда құжатының түпнұсқасын міндетті
түрде қоса тіркей отырып, “Баркан” компаниясының сатылым нүктесіне бұйымды
қайтару қажет.
Аталған кепілдік мыналарға қолданылмайды:
1. Қауіпсіздік және жинау нұсқаулықтарын елемеу.
2. Үстіңгі бетіндегі ақаулар.
3. Қалыпты тозу.
4. Баркан фирмасы орындамаған түрлендіру немесе жөндеу.
5.
Жазатайым жағдайдан, ылғалдан, кернеудің кенет өзгертуінен, судан немесе
форс-мажор жағдайлардың салдарынан болған зақымдар.
6.
Дұрыс пайдаланбаудан, дұрыс қолданбаудан немесе өнімге тигізетін зияннан
болған зақымдар.
7.
Бұйымды қабырғаға/төбеге бекіту процесі. Құрылғыны басқа электр құрылғысына
жалғау немесе қуат көзін дұрыс бермеу.
8. Пластикалық қабаттың немесе әйнектің сынуы.
9.
Бұл өнімді пайдалану кезінде электронды жабдыққа немесе қоршаған ортаға
келтірілген кез келген зиян.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрастыру ережесі мен қауіпсіздік нұсқаулықтарын сақтамаса,
бекітілетін құралдың құлауына және/немесе зақымдануына алып келуі мүмкін. Қаптаманы
ашу – нұсқаулықты мұқият оқып шығу және орындау талаптарын қабылдағанды
білдіреді.
Өнім қоғамдық орындарда орнатылған жағдайда, осы жерлердегі жауапты тұлғалар
оның нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.