User Manual

Table Of Contents
142 | Қазақ
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады:
Қиылысу мен нүктелі жұмыс режимі (A суретін
қараңыз): өлшеу құралы алға қарай көлденең және тік
лазер сызығын және жоғары және төмен қарай тігінен
бір лазер сызығын шығарады.
Көлденең режим (B суретін қараңыз): өлшеу құралы
көлденең лазер сызығын шығарады.
Тік режим (C суретін қараңыз): өлшеу құралы тік
лазер сызығын шығарады.
Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда, тік лазер
сызығы төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары
көрсетіледі.
Нүктелі режим (D суретін қараңыз): өлшеу құралы
жоғары және төмен қарай тігінен бір лазерлік нүктені
шығарады.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің
түймесін(3) лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде
шыққанша басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен
да, еңіс функциясымен да орындалуы мүмкін.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (19)
бірге жұмыс істеуге жарамды.
Нивелирлеу автоматикасы
Өлшеу құралы жұмыс барысында әрдайым күйді
қадағалайды. ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу
аймағының аясында орнатқан кезде, ол нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істейді. Өздігінен нивелирлеу
аймағынан тыс ол автоматты түрде еңіс функциясына
ауысады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (A–D
суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама
ұстағышқа(11) немесе штативке(21) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сәулелері үздіксіз жанып
тұрғанда, өлшеу құралы нивелирленген болады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4°
шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері
алдымен 2секунд жылдам ырғақпен, ал содан кейін
5секунд сайын жылдам ырғақпен бірнеше рет
жыпылықтайды. Өлшеу құралы еңіс функциясында
тұрады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеуді жалғастыру
үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен
нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4°
шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса,
лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.
Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік
сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Еңіс функциясымен жұмыс істеу (Eсуретінқараңыз)
Өлшеу құралын еңіс бетке қойыңыз. Еңіс функциясымен
жұмыс істеген кезде, лазер сәулелері алдымен 2секунд
жылдам ырғақпен, ал содан кейін 5секунд сайын
жылдам ырғақпен жыпылықтайды.
Еңіс функциясында лазер сызықтары бұдан былай
нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен
нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың
нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
Өлшеу құралын Ақабырғасының жанындағы штативке
немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу
құралын қосып, қиылысу режимін таңдаңыз.
5 m
A
B
Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада
айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз
(нүктесі).
1 609 92A 7LT | (28.04.2022) Bosch Power Tools