User Manual

Table Of Contents
Қазақ | 145
RM10 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу
(F–H суреттерін қараңыз)
Бұрама ұстағыштың(11) көмегімен өлшеу құралын 360°-
қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне
бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары
бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы
өзгермейді.
Дәлдеп реттеу бұрандасымен (14) тік лазер сызықтарын
негізгі нүкелерге дәл бағыттауға болады.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (6) бұрама
ұстағыштың (11) бағыттауыш рейкасына (12) қаратып
орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше
кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама
ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
тегіс бетке тұрғызылған күйде,
тік бетке бұрап бекітілген күйде,
магниттердің (15) көмегіменметал беттерде,
төбе қапсырмалары (16) көмегімен төбе
рейкаларында.
Өлшеу құралын қосудан бұрын бұрама ұстағышты(11)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы (20)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (5)
штативтің (21) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ)
(Nсуретінқараңыз)
Әмбебап ұстағыш (17) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (17)
дөрекі бағыттаңыз.
LB10 ұстағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Ұстағыштың(18) көмегімен өлшеу құралын тік
жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға
бекітуге болады. Төбелік қысқышпен(16) бірге өлшеу
құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты(18) дөрекі
бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
(N суретін қараңыз)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер
қабылдағышын (19) пайдаланыңыз.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (19)
бірге жұмыс істеуге жарамды.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
u Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ
ол лазер сәулесінен қорғамайды.
u Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (I−N суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (24) сақтаңыз
және тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (24)
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7LT | (28.04.2022)