Instructions

Table Of Contents
Қазақ | 169
Алты қырлы дөңбек кілтпен (16) қысқыш бұранданы
(22) бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–
9Нм болуы керек, бұл қолмен және ¼ айналым немесе
(23) белгісінің қорғағыш қаптамада (4) 3 сызықшаға
сай келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Құрамында асбест бар материалды тек техник
мамандар ғана өңдеуі керек.
Шаңсорудың жоғары деңгейіне жету үшін осы электр
құралмен бірге ағашқа арналған GAS 25/GAS 50/ GAS
50 M шаңсорғышын немесе ағаш және/немесе
минералдық шаңға арналған GAS 50 MS шаңсорғышын
пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
беріледі.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды орындаңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (26) бекіту бұрандасы (25) арқылы
негізгі тақтаға (6) бекітіңіз.
Сору адаптерін (26) диаметрі 35мм сору шглангісіне
жалғауға болады.
u Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
u Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Дұрыс тартылуы үшін сору адаптерін (26) жүйелі түрде
тазалап тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (27) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
u Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (29) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (6) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (6) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (29) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (29) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (29) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (4) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (11) босатыңыз. Араны бұраңыз.
Қажетті өлшемді (13) шкаласында орнатыңыз. Құлақты
бұрғыны (11) қайта берік бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (28) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
45°
45°
0° кесу белгісі (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (10) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
u Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (3) электр құралының
төменгі жағына алдынан сырғытыңыз. Аккумуляторды
қызыл сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше
толық тұтқаға салыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 6L8 | (16.07.2021)