operation manual

98 | Қaзақша
1 609 92A 15N | (18.2.15) Bosch Power Tools
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
–Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
–P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мү
мкін.
Шаң жәшігімен өзіндік шаңсору (G1G4 суреттерін
қараңыз)
Шаң жәшігін 4 сору құбырына 12 тірелгенше орнатыңыз.
Шаң жәшігін 4 босату үшін оны төмен тартыңыз.
Шаң жәшігін 4 ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін 4 ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін 13
жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің 13 тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.
Сыртқы сорғыш (H суретін қараңыз)
Сорғыш шлангін 14 сору құбырына 12 салыңыз. Сорғыш
шлангін 14 шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулық
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Тегістеу дискін алмастыру
Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тілігін 6 лас
пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Жабысқақты тегістеу дискілері (А суретін қараңыз)
Тегістеу пластинасы 6 жабысқақ матамен жабдықталған
болып тегістеу дискін жылдам және оңай бекітеді.
Берік ұстауды қамтамасыз ету үшін жапсырма матасын
тегістеу пластинасында 6 тегістеу дискін 7 орнатудан
алдын қағып шығыңыз.
Тегістеу дискін 7 тегістеу пластинасының 6 бір шетіне
қойып сосын тегістеу дискін тегістеу пластинасына
орнатып қатты басыңыз.
Тегістеу дискін 7 шешу үшін оны ұшынан ұстап тегістеу
пластинасынан 6 шығарыңыз.
Жабысқақсыз тегістеу дискілері
(BD суреттерін қараңыз)
8 босату пернесін басып ұстаңыз.
Ажарлау дискісін 7 тірелгенше ашық алғ
ы қысқыш
планка 9 астына апарып, босату пернесін 8 қайта
жіберіңіз. Ажарлау дискісінің ортада тартылғанына
көз жеткізіңіз.
5 қапсырмасын ішіне басып, тірелгенше қайырыңыз.
Ажарлау дискісін 7 ажарлау тақтасына қойыңыз.
Ажарлау дискісінің 7 басқа жағын артқы қысқыш
планка мен қапсырмадағы 5 қызыл дөңгелек арасына
апарыңыз.
Ажарлау дискісін тартып қапсырманы 5 ажарлау
тақтасының бағытында басып ажарлау дискісін
бұғаттаңыз.
Тесілмеген тегістеу дискілерін, мысалы, белдік немесе
метрлік сатуда, шаңсору үшін тесу аспабымен 10 тесуге
болады. Ол үшін тегістеу дискі орнатылған электр құралын
тесу аспабына басыңыз (E суретін қараңыз).
Ажарлау дискісін 7 алып қою үшін қапсырманы 5 босатып,
ажарлау дискісін артқы ұстағыштан шығарыңыз. Босату
пернесін 8 басып, ажарлау дискісін толық шешің
із.
Тегістеу дискін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
Тегістеу пластинасын алмастыру
(F суретін қараңыз)
Тегістеу дискін 6 керек болғанда алмастыру мүмкін.
4 бұранданы 11 толық шығарып, ажарлау тақтасын 6 алып
қойыңыз. Жаңа ажарлау тақтасын 6 орнатып,
бұрандаларды қайта тартып қойыңыз.
Түйіршіктілік
Барлық ағаштық заттектерді
өңдеу үшін
40240
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала тегістеу
үшін дөрекі 40, 60
Жалпақ тегістеу және аздаған
кедір - бүдірді тегістеу үшін орташа 80, 100, 120
Қатты ағаштарды соңғы және
нәзік тегістеу үшін майда 180, 240
Бояу/лак қабаттарын немесе
толтырғыш пен сылақ сияқты
төсемелерді өңдеу үшін
40320
Бояуды тегістеу үшін дөрекі 40, 60
Төсеме бояуды тегістеу үшін орташа 80, 100, 120
Лактың төсеме бояуын тегістеу майда 180, 240, 320
OBJ_BUCH-80-004.book Page 98 Wednesday, February 18, 2015 1:29 PM