User Manual
Table Of Contents
- Titelseite
- GLM 20
- GLM 20
- GLM 20
- GLM 20
- GLM 20
- GLM 20
- GLM 20
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және
өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен
адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура
тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт
қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында
алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз.
Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде
өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
u Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
сақтаңыз.Сыртқы күшті әсерлерден кейін электр құралының
жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым тексеруді орындау керек.
(қараңыз „Өлшеу құралын тексеру“, Бет63).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу-өшіру түймешесін (1) басыңыз. Өлшеу
құралын қосуда лазер сәулесі қосылады. Лазер белгісі дисплейде
жыпылықтайды.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру пернесін (1) кемінде 3 секунд
басып тұрыңыз.
Егер шам. 5мин соң өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу
құралы батерея зарядын сақтау үшін автоматты өшеді.
Өлшеу әдісі
Өлшеу құралы қосылғаннан соң үздіксіз өлшеу орындалады. Лазер
сәулесімен өлшенетін аймақты белгілеңіз. Ағымдық өлшеу мәні (g)
дисплейдің астыңғы қатарында көрсетіледі (A суретін қараңыз). Үздіксіз
өлшеуде өлшеу құралын нысан бойы жылжытуға болады, онда ағымдық
өлшеу мәні (g) шам. әр 0,5 секунд сайын дисплейдің төмен қатарында
жаңаланады (B суретін қараңыз). Мысалы, қабырғадан керекті
қашықтыққа өтуіңіз мүмкін, қашықтықты әрдайым көруге болады. Лазер
белгісі дисплейде жыпылықтайды.
Қазақ | 59
Bosch Power Tools 1 609 92A 4JT | (05.09.2018)