User Manual

Table Of Contents
260 | Қазақ
Электр құралының күйі
индикаторы (29)
Мағынасы/себебі Шешімі
қызыл түспен
жыпылықтайды
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі, қайта
іске қосылудан қорғаныс немесе соғылу
кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды
Электр құралын өшіріп қайта қосу
көк түспен жыпылықтайды Электр құралы ақырғы мобильді құрылғыға
қосылған немесе реттеулер көшірілуде
Байланыс функциялары
Bluetooth® Low Energy Module GCY42 модулімен бірге
электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс
функциялары қолжетімді болады:
Тіркеу және дербестеу
Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
Жалпы мәліметтер мен реттеулер
Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Электр құралының қолданбамен байланысын
пайдаланушы интерфейсіндегі (4) айналу жиілігін алдын
ала таңдау түймесін (26) басу арқылы растау қажет.
Қолданба оған қосылуға сұрау береді.
Пайдалану нұсқаулары
u Электр құралына Bluetooth
®
Low Energy Module
GCY42 модулі кіріктірілген болса, ол радио
интерфейспен жабдықталған болады. Жергілікті
пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда
немесе емханаларда ескеріңіз.
u Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға
болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy
Module GCY42 модулі мен түймелі аккумуляторды
шығарып алу керек.
u Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
u Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
u Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
u Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса,
орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр
құралын қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (5)
басыңыз.
Сыдырып тегістеу
u Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы
азырақ болады.
Металдарды кесу
u Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (12).
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды әрқашан
айналу бағытына кері
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Тасты кесу (A суретін қараңыз)
u Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
u Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы (22) пайдалану
үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану
керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
1 609 92A 5RL | (19.06.2020) Bosch Power Tools