User manual

264 | Қaзақша
1 609 92A 0Z5 | (22.12.14) Bosch Power Tools
Тасымалдау (X суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан алдын төмендегі
басқыштарды орындау керек:
Құлыптау бұрандасы 6 тартылған болса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толық артқа тарта отырып,
құлыптау бұрандасын қайта тартып бекітіңіз.
Тереңдік тіреуішінің 41 толығымен артқа қайырылуын
және дәлдеу бұрандасы 40 манипуляторды жылжытуда
тереңдік тіреуішіне тимей тесікке кіруін қамтамасыз
етіңіз.
Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
Электр құралында бекітілмейтін барлық жабдықтар
бөліктерін алыстатыңыз.
Пайдаланылмаған аралау дискілерін тасымалдау үшін
жабық контейнерлерге салыңыз.
Желі кабелін жабысқақпен 67 жинаңыз.
Электр құралын тасымалдау тұтқасынан 10 ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің жанындағы ұстау
ойықтарынан 29 ұстаңыз.
Бел жарақаттануын алдын алу үшін электр құралын
әрдайым екі кі
сі болып тасымалдаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі
жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш
қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс басқышынан соң сығымдалған ауамен үрлеу
немесе қылшақ көмегім
ен шаңды және жоңқаларды
кетіріңіз.
Сырғанақ дөңгелекті 16 жүйелік ретте тазалаңыз.
Шу төмендетуге арналған шаралар
Өндіруші шаралары:
–Бір қалыпты жұмыс бастау
Шу төмендетуге арналып құрастырылған ара
дискісімен жеткізу
Пайдаланушы орындайтын шаралар:
Тұрақты жұмыс аймағында дірілдеусіз орнату
Шу төмендету функциялары бар ара дискілерін
пайдалану
Ара дискісі мен электр құралды жүйелік түрде тазалау
Керек-жарақтар
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Өнім нөмірі
Бұрандалы қысқыш 1 609 B02 585
Ішпектер 1 609 B04 724
Шаң қабы 1 609 B05 010
Ұзындық тіреуіші
Ұзындық тіреуішінің бұғаттау
бұрандасы
1 609 B02 365
1 609 B00 263
Ағаш пен плиталық материалдар, панельдер мен
планкалар үшін ара дискілері
Аралау дискісі 305 x 30 мм, 72 тістер 2 608 642 531
Пластмасса және түсті металдарды аралайтын ара
дискілері
Аралау дискісі 305 x 30 мм, 96 тістер 2 608 642 529
Түрлі ламинат еден түрлеріне арналған ара дискілері
Аралау дискісі 305 x 30 мм, 96 тістер 2 608 642 137
OBJ_BUCH-2301-002.book Page 264 Monday, December 22, 2014 10:15 AM