User manual
158 | Қaзақша
1 609 92A 3LG | (24.3.17) Bosch Power Tools
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайда-
лану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада
көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық м
ұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында
көрсетілген.
Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада берілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні
зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді
тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының
қателіктері мен істен шығу
себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– жауын – шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
–корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Техникалық қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді шаңнан тазарту
ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
–жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
–сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің
қорғағыш қабында сақтау ұсынылады
–сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (1 Шарт)
құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге
қатаң тыйым салынады
–босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат
берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 Шарт) құжатын оқыңыз.
OBJ_BUCH-3036-001.book Page 158 Friday, March 24, 2017 9:58 AM