User Manual

112 | Қaзақша
1 609 92A 0PT | (19.8.14) Bosch Power Tools
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Аккумуляторлық қапсырма қаққыш құралдарына
арналған қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралында қапсырмалар бар екенін әрдайым есте
сақтаңыз. Құралды ұқыпсыз пайдалану қапсырмалардың
кездейсоқ атылуына және жарақаттауға әкелуі мүмкін.
Электр құралды өзіңізге немесе маңайдағы басқа адамдарға
бағыттамаңыз. Ұқыпсыз іске қосудан қапсырма шығып кетіп,
жарақаттарға әкеліп соғуы мүмкін.
Электр құралын бұйымда берік бекітілгенше пайдаланбаңыз.
Электр құралы бұйымға тимей тұрса, қапсырма бекіту орнынан
ыршуы мүмкін.
Қапсырма қысылып қалса, электр құралын желіден немесе
аккумулятордан ажыратыңыз. Құрылғы қосулы кезде
қашықтықтан бекітілген қапсырманы әрекет етуге әкелуі мүмкін.
Бекітілген қапсырманы шығарғанда сақ болыңыз. Бұғатталуды
жоюға тырысып жатқанда, жүйе қысылып қалуы және қапсырма
қатты ыршып шығуы мүмкін.
Бұл құрылғыны электр сымдарды бекіту үшін пайдаланбаңыз.
Ол электр сымдарды орнату үшін жарамайды, электр кабельдің
оқшаулануын зақымдауы және ток соғу себебі мен тұтану қаупін
тудыруы мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек
сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек үйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып
келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі
мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа
орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік
ұсталады.
OBJ_BUCH-1434-005.book Page 112 Tuesday, August 19, 2014 2:37 PM