Instructions

Table Of Contents
Қазақ | 127
u Басқару үстелінің қақпағын
әрқашан жабылып тұрғанын
қамтамасыз етіңіз.
Сақтау
u Күз және қыс айларында
мұздану қаупі пайда болғанда
сорғыны су шанынан шығарып
алыңыз.
u Сорғыны сақтауға қою алдынан
әрқашан алдымен сорғыдан суды
толығымен шығарып алыңыз.
u Сорғы мен басқару үстелін
мұздану қаупі бола алмайтын
жерде сақтаңыз.
u Құралды ғимарат ішінде сақтайтын
болсаңыз әрқашан алдымен
құралдың батареясын шығарып
алыңыз.
Техникалық күтім, құрамдас және
қосалқы бөлшектер
u Техникалық күтім жұмыстарын
өткізу алдынан әрқашан құралдың
батареясын шығарып алыңыз.
u Тек қана шығарушы тарапынан
рұқсат етілген қосымша және
қосалқы бөлшектерін қолдануға
болады. Шығарушының
түпнұсқалық қосымша және
қосалқы бөлшектерін қолдануы
электрбұйымның қатесіз немесе
ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді.
u Жөндеу жұмыстары тек қана
техникалық қызмет көрсету үшін
арнайы рұқсаты бар Bosch
техникалық қызмет орталықтары
арқылы өткізілуі тиіс.
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну
үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте
сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі
одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі Мағына
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Іске қосу
Өшіру
Рұқсат етілген қолдану әрекеттер
Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер
CLICK!
Естілетін шуылдар
Салмағы
Максималдық бату тереңдігі
максималдық су температурасы
Құрамдас бөлшектері
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл құрал гүлзарларды, көгалдарды және көкөніс
жүйектерін суару үшін жауын суын су шанынан сорып
суару секілді тұрмыстық мақсаттармен қолдану үшін
мақсатталған. Бұл құралды жеңіл тазалау жұмыстары
үшін де пайдалануға болады.
Құралды тек қана GardenPump18V-2000 құралының
толық жинақ қорапшасында бірге жеткізілетін басқару
құрылғысымен пайдаланыңыз.
Құралды жүзу бассейндерде немесе теңіз деңгейінен
2000 биігірек болған жерлерде қолдануға болмайды.
Бейнеленген құрамдас
бөлшектері (A суретін қараңыз)
Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі
құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде
беріледі.
(1)
Шан бекіткіші
Bosch Power Tools F 016 L94 302 | (23.07.2021)