Operation Manual

Қaзақша | 103
Bosch Power Tools 1 609 92A 0VX | (22.7.15)
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз “Техникалық мәліметтер” де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-4.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 22.07.2015
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тіреуіш плитаны орнату (GSS 160-1 A Multi)
(А суретінқараңыз)
4 8 бұрандаларын толығымен бұрап шығарыңыз. Сәйкес
тіреуіш плитаны орнатып, бұрандаларды қайта тартып
қойыңыз.
Тегістеу пластинасын алмастыру
(А суретінқараңыз)
Тегістеу дискін 6 керек болғанда алмастыру мүмкін.
4 бұранданы 8 толық шығарып, ажарлау тақтасын 6 алып
қойыңыз. Жаңа ажарлау тақтасын 6 орнатып,
бұрандаларды қайта тартып қойыңыз.
Тегістеу дискін алмастыру
Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тілігін 6 лас
пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Жабысқақты тегістеу дискілері (В суретін қараңыз)
Ажарлау тақтасы 6 жабысқақ матамен жабдықталған
болса, ажарлау тақталарын жылдам және оңай бекіту
мүмкін болады.
Берік ұстауды қамтамасыз ету үшін жапсырма матасын
тегістеу пластинасында 6 тегістеу дискін 9 орнатудан
алдын қағып шығыңыз.
Тегістеу дискін 9 тегістеу пластинасының 6 бір шетіне
қойып сосын тегістеу дискін тегістеу пластинасына
орнатып қатты басыңыз.
Тегістеу дискін 9 шешу үшін оны ұшынан ұстап тегістеу
пластинасынан 6 шығарыңыз.
Жабысқақсыз тегістеу дискілері
(C – E суреттерін қараңыз)
Қысқыш қапсырманы 11 ысырмадан шығарып,
төменге қайырыңыз.
Ажарлау тақтасын 9 арқа қысқыш планка 10 астына
апарыңыз. Ажарлау тақтасының 9 тым қысқа
болмауына, дұрыс қысылып бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы 11 артқа бастапқы
күйге қайырып, сол жерде құлыптаңыз.
Ажарлау қағазын ажарлау тақтасына 6 қойыңыз.
Ажарлау тақтасының алдыңғы бөлігін алғы қысқыш
планка 12 астында қысыңыз. Ажарлау тақтасы 9 тым
қысқа болмауына, дұрыс қысылып бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы 11 артқа бастапқы
күйге қайырып, сол жерде құлыптаңыз.
Тесілмеген ажарлау дискілерін, мысалы, белдік немесе
метрлік сатуда, шаңсору үшін тесу аспабымен 13 тесуге
болады. Ол үшін тегістеу дискі орнатылған электр құралын
тесу аспабына басыңыз (F суретін қараңыз).
Ажарлау тақтасын 9
алып қою үшін қысқыш қапсырманы
11 босатып, ажарлау тақтасын артқы ұстағыштан
шығарыңыз.
Тегістеу дискін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
Henk Becker
Executive Vice President
Engineering
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
Түйіршіктілік
Барлық ағаштық заттектерді
өңдеу үшін
40 – 240
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала тегістеу
үшін дөрекі 40, 60
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір
- бүдірді тегістеу үшін орташа 80, 120
Қатты ағаштарды соңғы және нәзік
тегістеу үшін майда 180, 240
Бояу/лак қабаттарын немесе
толтырғыш пен сылақ сияқты
төсемелерді өңдеу үшін
40 – 240
Бояуды тегістеу үшін дөрекі 40, 60
Төсеме бояуды тегістеу үшін орташа 80, 120
Лактың төсеме бояуын тегістеу майда 180, 240
OBJ_BUCH-2247-001.book Page 103 Wednesday, July 22, 2015 3:01 PM